• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

«ИДЕЯЛАР ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ» МИЛЛИОНҒА ТАТИТЫН ЖОБАЛАР ҚОРҒАЛДЫ

02.11.2018
0
«ИДЕЯЛАР ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ» МИЛЛИОНҒА ТАТИТЫН ЖОБАЛАР ҚОРҒАЛДЫ
204
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасында 8 қазан күні басталған «Жас кәсіпкерлер мектебі» жобасы аяқталды.

Жобаға 18 бен 29 жас аралығындағы 65 адам қатысты. Бұл жоба жастардың инновациялық және кәсіпкерлік потенциалын оятып, жастарды кәсіпкерлікке баулу,    жас кәсіпкерлердің құзыреттік деңгейін көтеруге бағытталған. Жоба қатысушыларға кәсіпкерлік негіздерін, бизнес-жоспар дайындауда консультативтік қызмет көрсету, бизнес-жоспарларды қорғау алаңын ұйымдастыру, «Идея жәрмеңкесі» байқауын өткізуді көздейді.

Қатысушылар оқу барысында бизнестің қыр-сырын меңгеріп, болашақта жүзеге асырғысы келетін жобаларын комиссия алдында қорғап шықты.

Жаңашылдығы, әлеуметтік маңызы жағынан сәйкес келетін 4 қатысушының жобасы іріктеліп алынды:

  1. «Кар-алма» тау-шаңғы курортында туристік қызмет көрсету;
  2. «Жамбыл облысының тозған және тұздалған жерлерінде фосфогипс және көң негізінде биомелиорант-өнімнің жаңа түрін енгізу»;
  3. «Фетрден әзірленген балаларға арналған дамыту кітапшалары мен ойыншықтарын өндіретін шағын цех»;
  4. «Пластикалық қалдықтарды қайта өңдейтін шағын цех».

Комиссия мүшелерінің бірыңғай шешімімен 26 жасар Дәулет Егембердиевтің жобасы бірінші орынға ие болды және Гранттық қаржыландыру бағдарламасына ұсынылатын болады.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің докторанты Дәулет Егембердиев топырағы тозған егістік алқаптары мен тұздалған жерлерді қалпына келтіретін жаңа биемелорант ойлап тапқан. Қазақстанда ауыл шаруашылығы өндірісінде 2 миллион гектар егістік алқабының топырағы тозған. Тозған топырақты тиімді пайдалану үшін биомелиоранттар мен органикалық тыңайтқыштарды қолдану қажет.

«Тұздалған жерлерде топырақтың құнарлылығын қалпына келтірудің тиімді әдістерінің бірі жаңа биомелиорантты пайдалану болып табылады» — дейді жоба қатысушысы. — Бұл әдісті жүзеге асыру үшін жолы  өте қарапайым, энерго үнемдеуші, компоненттер жергілікті шикізат ресурстарынан құралған. Бір килограмм биомелиоранттың өзіндік құны -16 теңге.

Оның айтуынша биомелиорантты пайдаланғаннан кейін егістік өнімділігі 30-50 пайызға дейін артады.

Келесі қызықты жоба «Фетрден әзірленген балаларға арналған дамыту кітапшалары мен ойыншықтарын өндіретін шағын цех» ашу. «Жас кәсіпкерлік мектебінің» қатысушысы Сырғалым Тойбаева қазірде декреттік демалыста. Бала күтімімен үйде отырған жас ана киізден балалардың ақыл-ойын дамытуға бағытталған түрлі ойыншықтар тіге бастаған. Кейін балабақшалар мен ата-аналар тарапынан сұраныс түсе бастағанын байқаған ол тапсырысқа ойыншықтар мен кітаптар тіге бастайды.

«Біз 1000 теңгеден бастап 25000 мыңға дейінгі қаражат аралығында ойыншықтар әзірлейміз. Яғни, түтынушының қалтасының қалыңдығына байланысты кез келген тапсырысты қабылдаймыз» — дейді жас кәсіпкер.

Ол жас кәсіпкерлер мектебінің арқасында түрлі тың идеялармен танысып, болашақ бизнесменге қажет қасиеттерді меңгеріпті.

Байқауда бағын сынаған әр қатысушының тыңғылықты дайындалғандығы көрініп тұр. Есеп-қисаптары, маркетингтік жағынан есептелуі, шығын мен кіріс, жүзеге асыру орны тиімді таңдалған, бизнес бастаудағы барлық жайттар жан-жақты қамтылған. Бұл ең әуелі Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренердің еңбегі – дейді, Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасының қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Диана Түкпетова.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Халықаралық жарыста қазақ спортшылары топ жарды!

Халықаралық жарыста қазақ спортшылары топ жарды!

11.05.2025
Халықаралық турнирдің қола жүлдегері!

Халықаралық турнирдің қола жүлдегері!

11.05.2025
Жас палуанның жарқын жеңісі!

Жас палуанның жарқын жеңісі!

11.05.2025
Оқушылар қай күні емтихан тапсырады?

Оқушылар қай күні емтихан тапсырады?

11.05.2025
Қазақтың көрнекті ақыны Темірхан Медетбек өмірден өтті

Қазақтың көрнекті ақыны Темірхан Медетбек өмірден өтті

11.05.2025
«Сыр жұлдыздары» атты заманауи орталық ашылды

«Сыр жұлдыздары» атты заманауи орталық ашылды

10.05.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты