Ол 2023 жылғы маусымда адамдармен алдын ала сөз байласу арқылы Алматы қаласындағы банктердің біріне клиенттердің атынан олардың банк шоттарына тіркелген абоненттік нөмірлерін өзгерту туралы хабарлама жіберіп, банк шоттарына қол жеткізген.
Осыдан кейін күдікті қашықтықтан қол жеткізу арқылы 5 жәбірленушінің шотынан «дропперлердің» банк шоттарына ақша аударып, олардың қаражатын иемденген. Оның қылмыстық әрекеттерінің салдарынан жәбірленушілерге 230 миллион теңгеден аса шығын келтірілген.
«Биыл қаңтарда ол Бішкек әуежайында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп жазылған хабарламада.