Аталған жобаны іске асыру мақсатында, қала тұрғындарының бастамалары мен ұсыныстары негізінде, қаланы абаттандыру мен дамытуға бағытталған жоба-өтінімдер Тараз қаласы әкімдігінің ресми сайтындағы «Халық қатысатын бюджет» электрондық парақшасы арқылы қабылданды.
“2022 жылы жеңімпаз: Төле би көшесі 11а жатақхана ауласына балалар ойын алаңшасы, 2023 жылы жеңімпаз: Ұлы Дала 15 мөлтек ауданы Түйте каналын абаттандыру, 2024 жылдың қортындысымен жеңімпаз Рахимов көшесі, №50-52 үйдың маңында балалар ойын алаңын салу және Байзақ батыра көшесі, № 207а үйдың маңында балалар ойын алаңын қайта жаңғырту қолға алынады” деді Тараз қаласы әкімдігі экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Жандос Ордабаев.
2025 жылы тұрғындардан 17 жоба ұсынысы келіп түсті. Сараптамалық кеңестің қорытындысы негізінде, талаптарға сай келетін жобалар дауыс беру үшін әкімдіктің интернет-ресурсына орналастырылды.
“Халық қатысатын жоба қазіргі таңда халыққа ашықтықпен қолжетімділік көрсетуде. Халық қатысатын жобаның артықшылығы, жоба ұсыну мақсатында, жобаны тұрғындар болып қолдап дауыс беру барысында, қолайлы қосымшаларға қолжетімді болуын қамтамасыз еткен. Жобаның ғұмыры ұзақ болып қаламыз гүлдене берсін” деп пікір білдірді қала тұрғыны Әсет Лесбай.
Тұрғындардың онлайн дауыс беру нәтижелері және сараптамалық кеңес мүшелерінің ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, іске асырылатын жобалар төмендегідей болып бекітілді:
- Жамбыл даңғылы, №16/3 үйдің маңында балалар ойын және көше тренажер алаңын салу;
- Оңтүстік көшесіне футбол алаңшасын орнату;
- «Аса» шағын ауданы, №10 үйдің алдына балалар ойын алаңын орнатып, абаттандыру жұмыстарын жүргізу;
• «Астана» шағын ауданы, №9, 10, 11, 12 және 30-үйлердің аулаларына футбол және жаттығу алаңдарын салу.
Фотоны ChatGPT жасанды интеллекты жасап шықты.