Бокстан Италия мемлекеті Бусто-Арсицио қаласында өткен іріктеу турнирі мәресіне жетті. Қазақстан ерлер құрамасы бес салмақта лицензия алды. Таиланда екі айдан кейін екінші іріктеу турнирі өтеді. Бұл жарысқа Қазақстан ерлер құрамасы 63,5 келіде лицензия алуға тырысады. Бокстан әйелдер құрамасынан бес боксшы барып, бірде-бірі лицензия ала алмады.
92 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Айбек Оралбай ширек финалда америкалық Джамар Таллимен кездескен болатын. Жекпе-жек толығымен Айбектің басымдығымен өтіп, қазақстандық боксшы 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Сәкен Бибосынов ширек финалда ұлыбританиялық Киран Макдональдты 4:0 есебімен ұтты. Үшінші раундта нокдаун алғанына қарамастан, төрешілер жекпе-жекте бір бас жоғары болған Бибосыновты жеңімпаз деп таныды.
57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Махмұд Сабырхан ширек финалда тәжікстандық Ашрор Вахидовты 4:1 есебімен жеңді.
Ширек финалда команда капитаны Асланбек Шымбергенов әзірбайжандық Сархан Алиевті жеңді. Есеп — 5:0.
80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрбек Оралбай ширек финалда ирландиялық Киллиан Кессидимен жұдырықтасып, жеңіске жетті. Есеп — 3:2.
TURANINFO.KZ
Фото: ҰОК ресми парақшасынан алынды