• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

ГАЗДАНДЫРУ-ӨҢІРДІ ЖАНДАНДЫРУ

08.11.2019
0
ГАЗДАНДЫРУ-ӨҢІРДІ ЖАНДАНДЫРУ
437
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Бүгінде аймақта ілкімді істер атқарылып, тың жобалар жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде ең негізгісі су, газ жүргізу жұмыстары бар. Осы орайда, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрлан Алдамжаровпен сұхбаттасқан едік.

— Нұрлан Жанұзақұлы әңгімемізді Елбасының бірінші бастамасы аясында халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуден бастасақ. Сондай-ақ облыста “Бақытты отбасы” бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқтала кетсеңіз.
— Баршаға мәлім, алғашында “7-20-25” бағдарламасы іске асып, біршама халық баспаналы болған еді. Одан бөлек “Бақытты отбасы” бағдарламасы шықты. Бұл бағдарлама 3 категориядан тұрады. Бірінші көп балалы аналар, екінші жалғыз басты аналар және үшінші мүгедек бала асырап отырған отбасыларға арналған. Қазіргі таңда республикалық банк арқылы 2%-дық несиемен жүзеге пәтер немесе жер үй алуға болады. Оның өзіндік ережелері бойынша Тұрғын үй жинақ банкі де Тұрғын үй инспекциясы да айналысып жатыр. Бүгінде бағдарлама бойынша банктерде 355 адамның өтініші қабылданып, 3 миллиард теңгеге олардың 154 мақұлданды. Негізгі мақсат – осы категориядағы тұрғындарды үймен қамтамасыз ету. Бұл жердегі бір мәселе Жамбыл облысында көп балалы отбасыларға тіркелгендердің саны 260 екен. Оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімінің шешіміне сәйкес жатақханаларды салуды, және көп балалы отбасылардың кещегі келгенше жатақханамен қамтамасыз етуге қаржы бөлініп, құрылысы басталып кетті.
— Аталған жатақханалар қай жерде салынып жатыр?
— Арай мөлтек ауданының маңында. Қазір 4 жатақхананы жылдың аяғына дейін беру жоспарлануда. Негізі бағдарлама құрылыс басқармасының тікелей бақылауында. Бағдарлама аясында барлық тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкін емес. Жатақханалардың салыну себебі сол, пәтер жалдап тұру да қолжетімді бағада.
— Өзіңіз басқаратын басқарма өңірге жылу, су, газ беруді қамтамасыз етеді. Бүгінде облысты көгілдір отынмен қамтамасыз ету үлесі қандай? Облыс әкімнің айтуынша, облыс 2027 жылға дейін толық газдандырылады.
– Облысымызда 377 елді мекен бар. Оның 181, яғни 48 пайызы газбен қамтамасыз етілген. Біз басқарма тарапынан арнайы жоспар жасадық. Жоспарға сәйкес қалған елді мекенді 2027 жылға дейін қамтамасыз ету керек. Талдау жүргізгенде 181 елді мекеннің ішінде 88 мың халықтың газ құбыры үйінің алдынан өте тұра қосылмағаны анықталды. Себебін анықтай келе газ тарту құны 150-180 мың болып жатыр. Мұны тұрғындардың қаражаты көтермейді. Бұл мәселенің шешілмей отырғаны сондықтан. “Жамбыл Жылу” мекемесі арнайы лицензия алып, бұл мәселені арзандатуды қарастырдық. Арзандату бағасы 83 мыңға түсті. 83 мыңға өткен жылдың қорытындысымен 53 мыңға жуық тұрғынды қамтамасыз еттік. Қазіргі таңда көгілдір отын Тараз қаласында да шешімін таппай отыр. Шөлдала, Құмшағал, Қызыл Абад массивтерінде 2017 жылы газ магистралі жүргізілген болатын. Енді ары қарай ішкі жүйесін және аулаға кіргізу жұмыстары 570 мың құрап отыр. Бүгінде оның бағасын 300 мыңға түсіріп отырмыз.
— Бүгінде сіз атаған аумақтарға көгілдір отын тартылып жатыр ма?
— Әлбетте. Мердігерлер мен қала әкімімен келісіп, жұмыс жүргізілуде. Егер оның олардың жасап жатқан жұмыстарының құны 300 мыңнан асып жатса тұрғындар бізге хабарлайды, тиісінше оған біз шара қабылдаймыз. Тағы бір мәселе біз «ҚазТрансГазАймақ» мекемесімен меморандумға отырдық. Ол мемрандум бойынша әрбір үйге кіргізу құқығы туралы техникалық шарттарды аталған мекеме береді. Мердігер қаншалықты заңды, қаншалықты бағаны дұрыс қойды, мұның бәрін біз алдн ала зерттеп, оны растап «ҚазТрансГазАймақ» мекемесіне хат жолдаймыз. Біздің хаттың негізінде ғана олар техникалық шарттарды беруге құқылы. Алдында басқарманың келісімінсіз беріле берген. Бұл жерде газ кіргізу ережелеріне сәйкес әрбір тұрғын өзінің нарықта жүрген мекемемен келісімге тұрып кіргізеді деп жазылған.
— Жаңағы айтқан массивтерге, жалпы 35 мың халыққа қай компания кіргізіп жатыр?
— Компанияның санын қарау керек.
— Әр түрлі, көп пе сонда?
— Иә, “ЭнергоСтиль”, “ KZconstruction” және біздің мекемеміз “ТеміржолЖылу”.
— Газ кіргізетін тұрғындар, менің 300 мыңым дайын деп кімге бара алады?
— Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі айналысуда. Одан бөлек біздің басқармаға да келсе болады. Барып та арнайы жиналыс өткізіп, келісімдерін алғанбыз. Қазір біздегі мәліметке сәйкес, жылдың аяғына дейін сол аумақтағы 19 мыңға жуық халық ниетін білдіріп, мердігерлермен келісім шартқа отыруда.
— Ар жағында 16 мың халық қалып отыр ғой?
— Өзіңіз білесіз, қомақты қаржы керек, сондықтан уақыты созылады. Бюджетті күтетін болсақ тағы 2-3 жыл күтеміз. Күтпейтін болсаңыздар, кіргіземіз деп жатқандарға біз көмектесеміз дегендей түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.
— Жамбыл облысындағы өте күрделі проблемалардың бірі Шу ауданы Төле би ауылының тұрғындарымен жеке кәсіпкерлердің араларында туған дау мәселесі калай болып жатыр?
— Төле би ауылында жалпы алғанда 4200 аула бар, қазіргі таңда 1 500 аула косылды, яғни 3/1-і. Оның негізі проблемасы бағасы болып тұр. Бастапқы бағасы 570 мыңнан болған болатын, сол бағаға әр бір тұрғынмен келісім шартқа тұрған. Келісімшартқа сәйкес әр бір көшелерде газ құбырын проектке сәйкес жүргізген. Тиісті орындарға тексеруге ұсыныс жасап, тексеріп көрдік. Дегенмен ешқандай да мәселе туындаған жоқ. Бұл мәселелерді шешу мақсатында ол кісілермен келісіп бағасын 475 мыңға түсірдік. Ол сумманы бөліп төлейді. Бастапқы да 50 мың теңгесін төлеп, қалған жартысын 1,5 жылда төлеуге келістік. Әрі қарай бұл мәселені өзіміз қадағалап, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Тағы бір мәселенің туындағаны, егер облыстың бюджеті арқылы құбырлар жүргізілген болса онда әр тұрғын 83 мың теңге ғана төлеп отыруларына болатын еді. Жеке меншік өзінің құбырын жүргізгеннен кейін біз оны алып тастап, үстінен құбыр жүргізе алмаймыз. Олай жасасақ, заңға қайшы әрекет болады.
— Ең басты сұрақтың бірі, облыс бойынша қазіргі таңда қанша тұрғын үйде газ бар, қанша тұрғын үйде газ жоқ?
— Жалпы газбен қамтамасыз етілген тұрғындар саны жоспар бойынша картада көрсетілген. Газ берілмеген аудандар Мойынқұм ауданы, Сарысу ауданы. Сарысу ауданын газдандыру мәселесі қарастырылып жатыр. Жылдың аяғына дейін Сарысу ауданындағы 5 елді мекен, Талас ауданындағы 4 елді мекенді 6 мыңға жуық халықты газбен қамтамасыз етеміз.
— 100 үйі бар ауыл тұрғындары көгілдір отынды қажет ететін болса ше?
— Толық талдау жасағанда бізде 23 елді мекен анықталды.Біз 2027 жылға дейінгі бағдарламада ол елді мекенге дейін газды апаруды жоспарлап отырмыз. Соңғы 10 жылда бізде 125 елді мекен газдандырылды. Одан бөлек 582 мың тұрғын газдандырылған. Қазіргі таңда жалпы 377 елді мекенде газдандырылған халықтың саны 800 мың болды. Негізінде жоспарды жасаған кезде халық санына мән береміз. Ең алдымен қай жерде халық саны көп болса, сол жерді газдандырамыз. Нақты 2027 жылға дейін газдың бағасы қанша, республикалық бюджет арқылы қаншасын шешеміз, облыстық бюджетарқылы қаншасын шешеміз соның бәрі бізде жоспарда толығымен әзірленіп жасалып, бекітілген. Газ саласының жұмысы өте қарқынды жүріп жатыр. Осы мәселе бойынша 2019 жылға бізде республикалық бюджеттен 5 миллиард теңге қаржы бөлініп, 101 мың халыққа жеткізуші газ құбырын жүргізу басталды.
Одан бөлек, біз ауыз су саласы бойынша да өте төмен қамтамассыз етілген аймақтардың біріміз. Қазіргі таңда облыс орталығындағы 59 мың тұрғын ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Оны шешу мақсатында біз арнайы жоспар жасадық. Ол әр елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету болып табылады. 2019 жылы 16 елді мекенге қаржы бөлініп, оның 10 елді мекенін жылдың аяғына дейін ауыз сумен қамтамасыз етеміз.
— Қандай ауылдарға барады?
— Талас ауданы бойынша Қарасаз елді мекені, Шу ауданында Мойынқұм елді мекені сияқты жерлерді ауыз сумен қамтамасыз етеміз. Қазіргі таңда біз әрбір елді мекенде арнайы паспорт жасалынған. Ауылды мекенде қаншауы ауыз сумен қамтамасыз етілгені туралы талдаулар жасалған. Жылдың аяғына дейін 129 мың адамды ауыз сумен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз.

-Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан: Исламбек Дастан

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Тәуелсіздік алғалы бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

Тәуелсіздік алғалы бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025
Облыс жолдарына 12 жаңа антенна-діңгек орнатылады

Облыс жолдарына 12 жаңа антенна-діңгек орнатылады

15.05.2025
Байзақта «Қоғамдық байланыс» акциясы ұйымдастырылды

Байзақта «Қоғамдық байланыс» акциясы ұйымдастырылды

15.05.2025
Жамбылдық диқандарға былтырғыға қарағанда екі есе көп су берілді

Жамбылдық диқандарға былтырғыға қарағанда екі есе көп су берілді

15.05.2025
Отбасы – тәрбиенің алтын діңгегі

Отбасы – тәрбиенің алтын діңгегі

15.05.2025
15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай тағылымды кездесу өтті

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай тағылымды кездесу өтті

15.05.2025
ТЖД Алматылықтарға ескерту жасады

Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

15.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты