Білім беру саласына бюджеттің үштен бір бөлігі бағытталған. Материалдық-техникалық базаны нығайту үшін 6,4 млрд. теңге бөлінді. 51 пәндік кабинет пен мектептерге 42 автобус сатып алынды. 53 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізілді.
«Соңғы үш жылда облыста 3 жаңа мектеп іске қосылды. Апатты жағдайдағы мектептер мәселесі биыл жабылды. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен «Береке» шағын ауданында арнайы мектептің құрылысы аяқталды. Жаңа ғимарат балаларды арнайы мектептерде оқыту үшін орын тапшылығы мәселесін толығымен шешті. Оқу корпусы 300 орынға есептелген, сондай-ақ интернат бар. Қазір мұнда 220 бала білім алуда.
Президенттің тапсырмасы бойынша өңірде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Қараша айында «Орман» шағын ауданында 600 орындық жайлы мектеп ашылды. Осындай балабақша «Береке» шағын ауданында ашылмақ. Алдағы жылы «Жас Өркен» шағын ауданында балабақша салынады. Осының арқасында тағы 600 бүлдіршін заманауи және жайлы балабақшаға барады» Гауез Торсанұлы баяндама етті.
Ақпарат агенттігі «Жайлы мектеп» қаражаты бойынша нақты соммалары туралы сұралған болатын
«Жаңа жайлы екі мектеп салынып жатыр. Бір мектеп «Орман» шағын ауданында. Петропавл қаласы әкімдігі арқылы абаттандыру және инфрақұрылымын әкелуге 197 млн беріліп, «Samruk Қазына Construction» 780 млн теңге бөлген. Бір мектептің құны «Орман» шағын ауданында 4 млрд 500 млн теңге бөлінген. Екінші «Жайлы мектеп» «Береке» шағын ауданында Сергей Александрович деген кісі бар. Ол сол Петропавл қаласында тұратын мердігері. Оның да бағасы саны сондай, шағын жайлы мектеп сол 600 оқушыларға арналған, суды бердік оны келесі жыл көктемде тапсыруға тиісті» деді Солтүстік Қазақстан облысы әкімі.
Айта кететін жәйт, Гауез Торсанұлына қазақ тілінде қойылған сұрақтарға толыққанда мемлекеттік тілде жауап беруді үйрену қажет секілді.
TURANINFO.KZ