Гарвард пен Кембриджден соғылған алғашқы қоңырау
Бүгін елімізде тұңғыш рет Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен Тараздағы Назарбаев зияткерлік мектебінде Білім күніне орай «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбындағы #OnlineBell халықаралық ынталандыру шеберлік дәрісі өтті.
Интерактивті дәріс кезінде Harvard, MIT (АҚШ) пен Cambridge (Ұлыбритания) сияқты әлемдегі аса беделді университеттерде оқып жатқан қазақстандықтармен тікелей бейнеқосылым орнатылды.
Тікелей байланысқа Жамбыл облысындағы жалпы білім беретін ауылдық мектептердің және дарынды балаларға арналған білім мекемелерінің жоғары сынып оқушылары қатысты.
Онлайн-қосылымда сөз алғандар: Қаныш Тілеушин (MBA, Massachusets Institute of Technology), Шыңғыс Мұкан (Harvard Kennedy School), Әсет Әбдуәлиев (Harvard Kennedy School), Кэмбридж университенінен: Нәзипа Аюбаева, Гүлмира Қанаева. Дәріске модератор болған өзіндік қолтаңбасы бар қоғам қайраткері, идея авторы, белгілі журналист-публицист, ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері Қанат Әуесбай. Арнайы шараға облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов, облыс әкімдігінің білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова, Жамбыл облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Дәмеш Үскімбаева және басқа да лауазымды басшылар қатысты.
Спикерлердің ішінде Жамбыл облысының екі тумасы да болды. Олар: Кэмбридж университетінде дəріс алып жүрген Нәзипа Аюбаева мен Гүлмира Қанаева.
Нәзипа — Жуалы ауданының тумасы. Көп балалы жанұядан шыққан. Ал, Гүлмира — Тараз қаласына жақын орналасқан Жамбыл ауданы Бектөбе аулында туылған. №37 мектептің түлегі.
Спикерлер өзіндік өмір жолдарындағы қиындықтармен бөлісіп, жасөспіраімдерге адал болуға, мақсат қоя білуге, биік шыңдарға ұмтылуды тілге тиек етті.
Harvard Kennedy School’дан Шыңғыс Мұкан өз сөзінде: «Ауылда мектепті бітіріп, Алматыға келдім. Өзіме қажетті мамандық бойынша тек орыс тілінде оқытады. Қатты намыстандым. Тәуелсіздік ала тұрып, өз тілімізде оқи аламағандығым үшін қатты қынжылдым» деді.
Сонымен қатар, шет елдегі отандастарына Астана қаласындағы №82 «Дарын» лицейі мен Жамбыл облысының оқушылары көкейлерінде жүрген сұрақтарын қазақ тілі мен ағылшын тілінде қойды.
Тікелей байланыста болған қазақстандықтар əлеттегі қоңырау сыңғырын естірте, Шыңғыс Мұқан сонау шет елден киелі домбыра үнімен алғашқы қоңырауды соқтырды.
Білім күніне орай «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбындағы #OnlineBell халықаралық ынталандыру шеберлік дәрісі өтуде
Опубликовано Исламбеком Дастаном Суббота, 2 сентября 2017 г.
#onlinebell жалғасуда…
Опубликовано Исламбеком Дастаном Суббота, 2 сентября 2017 г.
Фото мен видео автордікі.
Исламбек Дастанұлы арнайы TURANINFO.KZ ақпараттық агенттігі үшін.