Президент тиісті Жарлыққа қол қойып, бастама жұмысшы мамандықтарды дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болып қалыптасу идеясын насихаттауды алға тартқан.
Осы орайда, «AMANAT» партиясы Меркі аудандық филиалының төрағасы Күлаим Шағатаева жұмысшы мамандықтар жылына орай Рысқұлов ауылдық округінің тұрғынының жұмысымен танысты.
Айта кетейік, бұл ауылда партияның «Ауыл Аманаты» жобасы арқылы жеңілдетілген несие алып, тірлігін тіктеп отырған тұрғындардың қарасы қалың. Сондай тұрғынның бірі Айсара Сапарбаева. Филлиал төрағасы жас кәсіпкердің жұмысымен танысты.
Бүгінде Айсара Сапарбаева 7.1 млн несие алып, өз кәсібін ашып кәсібін дөңгелетіп отыр. Яғни, ол өз ауласынан шағын наубайхана ашып күнделікті ауыл дүкендерін түрлі сұрыпты нан өнімімен қамтып отыр.