Тараздағы әлеуметтік павильондардың бірінде «А. Б. Карпыков» ЖК ет өнімдерін нарықтық бағадан төмен бағамен сатады. Нәтижесінде халықтың әлеуметтік осал топтары етті қолжетімді бағамен сатып ала алады.
– Алатау шағын ауданындағы (8) «Фиркан» дүкеніне қарама-қарсы орналасқан біздің әлеуметтік дүкенде сиыр мен қой етін арзан бағамен сатып алуға болады. Сонымен қатар, сатылымда кәсіпкер өндіретін басқа да ет өнімдері бар. Өнімнің құны басқа сауда нүктелері мен нарыққа қарағанда 10-15 пайызға арзан, – дейді өңірлік тұрақтандыру қорын басқару департаментінің басшысы Берік Сопаев.
Сатушылардың айтуынша, ет павильонға күн сайын әкелініп, сол жерде бөлшектелінеді. Негізгі сатып алушылар – егде жастағы адамдар.
– Көбінесе біздің тұрақты клиенттеріміз зейнеткерлер. Біз оларды жақсы танимыз. Араларында жалғыз тұратын ата-әжелер де бар. Сондықтан кейбір қала тұрғындары үшін өнімнің бағасы қалтаға қонымды десек болады. Бүгінде көптеген адамдар мұндай әлеуметтік дүкендердің қазіргі жағдайда қажет екенін түсінеді, өйткені коммерциялық нарықта азық-түлік бағасы шарықтап тұр, – деп атап өтті сатушы Жанар Нұрымбетова.
Ет павильонының ассортиментінде: сиыр еті (төс еті – 2200 теңге, рагу – 1900 теңге, филе – 3100 теңге, тартылған ет – 2200 теңге, майсыз тартылған ет– 2200 теңге, туралған ет – 2700 теңге, корейка – 2300 теңге), қой еті – 2400 теңге және т.б. бар.
Кирилл БЕРДЕЦКИЙ, «Тараз» ӘКК» АҚ баспасөз қызметі