Аймақ басшысы алғашқы күні Шаньдун провинциясындағы қазақстан-қытай бизнес-форумының ашылуына қатысып, Жамбыл облысының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды.
Бұл күні өңір делегациясы Қытайдың іскер топтар өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізіп, инвестициялық жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды.
Жамбыл облысы делегациясының ҚХР-ға жұмыс сапары жалғасуда, ірі кәсіпорындарды аралау жоспарланған.