«КТК» телеарнасы мәліметінше, ішімдік ішіп отырған екеуінің арасында жанжал туып, экс-күйеуі пышақ ала жүгірген. Ауыр жарақат алған әйел бірнеше сағаттан соң аурухана төсегінде көз жұмды.
Оқиға Щучье қаласында болған. Пышақталған 33 жастағы әйел Бурабай ауданы ауруханасына жеткізілгенімен, дәрігерлер оны ажалдан аман қалып қала алмаған. Ащы судың кесірінен болған ұрыстың ақыры адам өлімімен аяқталды. Марқұмның соңында үш баласы қалғанымен, ол ата-ана құқығынан айрылған екен. Ал пышақ салған ер адам азаматтық некедегі бұрынғы күйеуі көрінеді. Қазір ол қамауға алынып, тергеу басталды.
Полиция пікірі
«Дау-дамай кезінде бұрын бірге тұрған адам әйелге пышақ салғаны анықталды. Соның салдарынан әйел қайтыс болды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді ПД өкілі.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда қоқыс өңдеу кәсіпорны аумағында қоқысты сұрыптау кезінде әйелдің бөлшектелген денесі табылғаны хабарланды.
Алдын ала мәліметтер бойынша ер адам ішімдік ішіп, кейін жанжал кезінде бірге тұратын әйелін өлтірген.