Жамбыл облысы аумағында менигококк инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы тұрақты
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысы Жарқынбеков Берік Құзарұлы, Жамбыл облыстық балалар жұқпалы ауруханасының инфекционист дәрігері Нұрғабылова Сағыныш Қабылтаевна айтты.
Берік Құзарұлының айтуынша, Жамбыл облысы аумағында 2018 жылдың 4 айы мерзімінде менигококк инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы тұрақты. Өткен мерзімде облыс бойынша менингококк инфекциясының 1 жағдайы ғана қаңтар айында тіркелген. Өлім жітім жағдайлары тіркелген жоқ. Медициналық қызметкерлер тек Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің ресми ақпараттарын қолдануға шақырады. Біздің телефон 45-59-78.
Менингиттің эпидемиологиялық кезеніне байланысты облыста әр бір аудан аумағында сырқаттанушылық көрсеткіштеріне, эпидемиялық маңызды нысандардың санитариялық жағдайына күнделікті мониторинг жүргізілуде.
Менингококкты инфекция – ми мен жұлынның қабынуы. Жұқпа көзі – науқас адам немесе бактерия тасымалдаушы. Берілу жолдары: науқаспен немесе бактерия тамысымалдаушымен қатынас болған кезде ауалы-тамшылы жолмен беріледі.
Алдын алу шаралары: иммунитетті нығайту (шынығу, физикалық жүктемелер, серуендеу); жеке бас гигиена ережелерін сақтау, қолды жуу; баланың далада аузына ештеме салмауын қадағалау; ауруының белгілері бар пайда болған адаммен қарым-қатынаста болмау; Адам көп шоғырланатын жерлерде жөнсіз болудан сақтану, жабық мекемелерде бір реттік пайдаланатын бетперде қолдану ұсынылады. Бөлмелерді жиі желдетіп, ылғалды тазалау жүргізіп отырыңыз. Антибиотиктермен алдын алу мәселесі бойынша – менингит науқасымен қарым қатынаста болғаннан кейін тек дәрігердің ұстанымы бойынша пайдалану керек. Лор-ағзаларының созылмалы аурулары бар науқастар алдын алу емін қабылдау қажет.
Ең маңыздысы – өз бетімен емделмеу, ауру белгілері білінген сәтте дәрігерге қаралу қажет.
Менингитке қарсы жоспарлы егу ҚР Үкіметі Қаулысымен бекітілген Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілмегендіктен жүргізілмейді. Менингитке қарсы екпе алу тек Сауд Аравияға қажылыққа ниет етушілер үшін ғана міндетті болып табылады. Біздің облыста қажылыққа ниет етушілерге екпе салу тек қалалық № 1 емханасында маусымның 8-нен кейін ұйымдастрылып, жүргізілетін болады,- деп сөзін түйіндеді спикер.