«ҰАТ» АҚ Қоғаммен байланыс басқармасы мәліметінше, жаңа қызмет жеткілікті негіздер және мүдделі тұлғалар арасында дау болмаған кезде ғана құжаттарға өзгерістер енгізуді көздейді. Мысалы, атын, тегін және әкесінің атын өзгерту секілді өтінімдер.
«Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» жаңа қызметінің көмегімен актілік жазбаларға өзгерістер енгізу және құжаттарды қайта шығару үшін негіздерді көрсетіп, растайтын құжаттарды тіркеу арқылы өтінім беруге болады», — делінген хабарламада.
Қандай жағдайларда құжаттарыңызға өзгерістер енгізуге болады:
• тегі, аты және әкесінің аты өзгерген кезде;
• әке болуды белгілеу туралы сот шешімі жойылған жағдайда;
• некеде тұрмаған ананың баланың туу туралы актісінің жазбасына баланың әкесі туралы мәліметтерді енгізу туралы өтініші келіп түскен кезде;
• егер азаматтық хал актісін тіркеу кезінде қателіктер жіберілсе (бұрмалау, мәліметтерді немесе жекелеген сөздерді жазбай қалу);
• азаматтық хал актілерін жазуда сот тәртібімен қате анықталған кезде;
• некені бұзуға немесе некені жарамсыз деп тануға байланысты жұбайының (зайыбының) тегі өзгерген кезде;
• бала асырап алудың күшін жою туралы немесе оны жарамсыз деп тану, сондай-ақ некені жарамсыз деп тану туралы сот шешіміне байланысты;
• ұлты өзгерген кезде;
• ата-анасының тегі мен әкесінің аты өзгеруіне байланысты кәмелетке толмаған баланың тегі мен әкесінің аты өзгерген кезде және т.б.
Толық тізіммен мына сілтеме арқылы танысуға болады.
«Көптеген қазақстандық өз қалауы бойынша eGov.kz сайтында акт жазбаларына өз бетінше өзгерістер енгізе алатынын білмейді. Осылайша сіз туу туралы куәлікті қайта шығаруға, неке қию және некені бұзу туралы куәлікті құжаттарға енгізілген өзгерістермен қайта шығаруға өтініш бере аласыз. Мысалы, егер бұрын фамилиясын өзгерту үшін ХҚКО-ға бару керек болса, қазір кезекте тұрмай-ақ электрон түрде жасауға болады», — деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
Үкіметтің электрон порталындағы қызметті «Басты бет» — «Азаматтарға» — «Отбасы» бөлімінен табуға болады.
Азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуге өтініш беру үшін сізге:
• eGov.kz порталына кілт арқылы кіріңіз;
• қажетті қызмет түрін таңдаңыз;
• өзгерістер енгізу үшін негіздерді таңдаңыз;
• куәлік беретін ХҚКО филиалын таңдаңыз;
• отбасы жағдайы мен табыс көзін көрсетіңіз;
• өзгертулер енгізу қажет актілік жазбаның нөмірі мен тіркелген күнін көрсетіңіз;
• актілік жазба үшін қандай өзгерістер, түзетулер, толықтырулар қажет екенін көрсетіңіз;
• өзгерістер енгізу үшін растайтын құжатты тіркеңіз;
• төлем жасаңыз;
• сұранымға қол қойыңыз.
Өтінім нәтижесі eGov.kz порталының мәртебелік бетінде және жеке кабинетінде хабарлама түрінде пайда болады. Дайын құжатты өтінімде көрсетілген ХҚКО-дан алу қажет.