Оған азаматтық қоғамнан 10 өкіл – экономика, құқық, кәсіпкерлік және қоғамдық сектор сарапшылары кірді.
Қоғамдық кеңестің жаңартылған құрамында AERC бас директоры Жәнібек Айғазин, «Қазақстан Республикасының аудиторлар палатасы» ЖАҚ вице-президенті Арыстан Ақан, «DASCO Consulting Group» ЖШС әріптесі Эльдар Бейсімбеков, «Қазақстан теміржол тасымалдаушылары қауымдастығы» ЗТБ бас директорының орынбасары Асхат Жапсарбай, «TALAP» қолданбалы зерттеулер орталығы» қоғамдық қорының директоры Асқар Қысықов, «Оңалту және банкроттық рәсімдердегі басқарушылардың қазақстандық одағы» РҚБ Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Айгүл Мұстафина, «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС Бас директоры, Ұлттық факторингтік қауымдастықтың төрағасы Руслан Омаров, «Fortune Partners» ЖШС бас директоры, MNU салық құқығы мектебінің басшысы Дана Токмурзина, «Стратегиялық бастамалар орталығы» ЖШС әріптесі, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Ербол Төлегенов, «Комментарий» талдау тобының жетекшісі, экономист Эльдар Шамсутдинов бар.
Кеңестің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін қазіргі адамдар мүшеліктен шыққан жағдайда азаматтық қоғам кандидаттарының резервтік тізімі де құрылды.
Еске салсақ, Қоғамдық кеңес үш жыл мерзімге сайланады. Оның өкілеттігіне министрліктің бюджеттік бағдарламалары мен стратегиялық жоспарларының жобасын талқылау, нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу мен сараптамасына қатысу, сондай-ақ заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу кіреді.
Жаңа құрамның бірінші отырысында ашық дауыс беру арқылы кеңестің төрағасы болып «Комментарий» талдау тобының жетекшісі, экономист Эльдар Шамсутдинов сайланды. Сондай-ақ, 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Басым тақырыптардың қатарында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, кәсіпкерлікті дамыту, жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру, цифрлық шешім енгізу, энергетиканы жаңғырту мен жаңа Бюджет кодексін іске асыру бар.
Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес төралқасы құрылып, оның құрамына: ҰЭМ аппаратының басшысы Олжас Сыздықов, кеңес төрағасы Эльдар Шамсутдинов, «ҚР аудиторлар палатасы» ЖАҚ вице-президенті Арыстан Ақан, «TALAP» ҚЗО директоры Асқар Кысықов, MNU салық құқығы мектебінің басшысы Дана Токмурзина кірді.
Отырыс соңында аппарат басшысы Олжас Сыздықов Эльдар Шамсутдиновты Қоғамдық кеңестің жаңа құрамының төрағасы болып сайлануымен құттықтады.
«Сіздің басшылығыңызбен Қоғамдық кеңес Министрлік қызметінің тиімділігі мен ашықтығын арттыруға елеулі үлес қоса отырып, сындарлы диалог үшін маңызды платформа ретінде өз рөлін күшейтуді жалғастыратынына сенімдімін», — деп атап өтті ол.
Аппарат басшысы Кеңестің отырыстары тоқсанына кемінде бір рет өткізілетінін жеткізді.
ҰЭМ баспасөз қызметі