Украинадағы Қазақстан Республикасы азаматтарының назарына
Украинада артиллериялық атқылау мен әуе шабуылдары жиілігінің артуына байланысты, қауіпсіздік мақсатында Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан азаматтарына белсенді ұрыс қимылдары жүргізіліп жатқан жерлерге жақын орналасқан аумақтарды қалдыруды немесе Украинадан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынады.
Елшілік барлық азаматтарды әуе шабуылы туралы ескертуді елемеуге және дереу баспанаға баруға, өздерінің қауіпсіздік шараларын сақтауға және ресми органдардың ұсыныстарын орындауға шақырады.
Украинадан Қазақстанға бару үшін Қазақстан Республикасының азаматтары жерүсті бағыттарын: Польша немесе Молдова арқылы, одан әрі коммерциялық әуе қатынасын пайдалана алатынын атап өтеміз.
Польша арқылы шыққан жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы қажет. Молдоваға кіру үшін виза қажет емес.
Елшіліктің Консулдық бөлімінің байланыс нөмірлері: +38(044) 4831596, +38(044) 4891031.
Қазақстан азаматтары үшін жедел желі (төтенше жағдай кезінде): +380673470408.
Қазақстанның Украинадағы елшілігі