Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында синтетикалық есірткінің таралуының өсіуіне ерекше назар аударылды.
Синтетикалық есірткінің оңай қол жетімділігі қоғамға үлкен қауіп төндіреді.
Осы орайда Қалалық психикалық денсаулық орталығының наркологиялық блогына жатқызылғандарың өсуі байқалды, 2021 жылы 2 080 пациент, 2022 жылдың 10 айында 2 126.
Әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде көптеген «синтетика» жарнамалары қол жетімді.
Елордалық прокуратура осындай 17 сайтты анықтады.
Мысалы, «Q» сайтында мекенжайлары мен деректемелері көрсетілген есірткі құралдары ашық жарнамаланды.
Қабылданған шаралармен барлық 17 есірткі сайты бұғатталды.
Есірткінің таралуын болдырмау жөніндегі жұмыс уәкілетті органдардың ерекше бақылауында бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Мұндай сайттар табылған жағдайда дереу келесі нөмірлерге хабарлаңыз:
Қалалық прокуратураның кезекші прокуроры- (7172) 71-24-67;
Полиция Департаментінің сенім телефоны — (7172) 71-63-93;