Ақмола облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинауы 99%. Мұнда су тасқынының белсенді кезеңі өтіп, салалары тұрақтанды. Жабай өзенінің реттелмейтін ағыны артуда, сондықтан Ақмола облысының Атбасар елдімекенінде су тасқыны бар.
Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы, су тасқыны жалғасуда. Петропавл қаласы шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі – 1176 см, бір тәулікте ол 138 см-ге көтерілді. Жағдай күрделі. Мамандар су өткізу іс-шараларын атқарып жатыр.
Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 97%. Өңірдегі жағдай тұрақты.
Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 79%.
Абай облысында Шүлбі су қоймасы 95%-ға толды. Аймақта су тасқыны басталды. Шүлбі су қоймасына су жіберіліп жатыр. Жалпы, Ертіс каскадының су қоймалары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.
Батыс Қазақстан облысындағы төрт ірі су қоймасы 73%-ға толы. Ириклі су қоймасынан жіберілген су әлі Қазақстан шекарасына жеткен жоқ. Оған қатысты болжам өзгермеді. Бұл су 16-17 сәуірде келеді деп күтілуде.
Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 99%-ға толы, өңірде су тасқынының қауіпті кезеңі өтті. Жағдай тұрақты.
Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%, мұнда да су тасқынының белсенді кезеңі өтті. Қаратомар су қоймасы транзиттік режимде жұмысын жалғастыруда.
Барлық нысандарда тәулік бойы кезекшілік және әр екі сағат сайын су шаруашылығы жағдайына мониторинг жүргізіледі.