Қазақстанда өткен тәулікте 3899 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды деп хабарлайды coronavirus2020.kz/kz.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы — 950
Алматы қаласы — 638
Шымкент қаласы — 264
Ақмола облысы — 139
Ақтөбе облысы — 55
Алматы облысы — 85
Атырау облысы — 290
Шығыс Қазақстан облысы — 68
Жамбыл облысы — 66
Батыс Қазақстан облысы — 215
Қарағанды облысы — 603
Қостанай облысы — 92
Қызылорда облысы — 64
Маңғыстау облысы — 126
Павлодар облысы — 142
Солтүстік Қазақстан облысы — 31
Түркістан облысы — 71.
Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 458 724-ге жетіп отыр. Сонымен қатар, өткен тәулікте 1 491 адам індеттен жазылған. Қазір елімізде 41 980 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 13 568 пациент стационарда, 28 412 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 815 адамның жағдайы ауыр, 189 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 126 науқас өкпені жасанды желдтеу аппаратында жатыр. Одан бөлек, үш қала мен сегіз облыс коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша «қызыл» аймақта тұр.
Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы мен Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары. Ал Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары «сары» аймақта болса, қалған екі өңір Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары «жасыл аймақта».
Автор: Адина Жусупова Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/society/1921895-elimizde-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgan-4000-ga-zuyq-adam-tirkeldi/