Елордада «Армандар орындалады» жобасы аясында «Армандар ағашы» акциясы басталды.
Елімізде 3-14 жас аралығындағы ауруға шалдыққан бүлдіршіндердің арманын орындау мақсатында «Армандар ағашы» жобасы жүзеге асырылып жатыр. «Медицина жастары» қоғамдық бірлестігінің ұйтқы болуымен былтыр 117 баланың арманы орындалған. Енді «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» гранты аясында жоба ауқымын кеңейіп, еліміздің 17 аймағында жүзеге асырмақ. Жобаға мемлекет тарапынан 25 миллион бөлінді. Жыл басынан бері 320 науқастан өтініш түскен. Ауыр ауруға шалдыққан бүлдіршіндерге бала армандарын онлайн тіркеу мүмкіндігі де бар.
Біз акцентті жазылмайтын онкологиялық ауруларға, ДЦП және даун ауруларға, түрлі спастикалық және паралитикалық аурулары бар ауқастарға көңіл бөлеміз. Қосымша спонсорлар мен медсенаттарды, басқа да ерікті, қайырымды жандарды жобамызға тартып отырамыз, дейді , «Медицина жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әбдірәш Абылайхан.
Аталған жобаны «Қазақстанның медициналық жастары» РҚБ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен іске асыруда.
Дереккөз-baq.kz : https://baq.kz/elimizde-auruga-shaldyqqan-balalardyn-armanyn-oryndaytyn-zhoba-bastaldy-280400/