Жәрмеңкеге қатысуға әртүрлі салалардан 25-тен астам жұмыс беруші өтінім берген. Олардың арасында «Қазпошта» АҚ, «Астана-Энергия» АҚ, «Center Beton Company» ЖШС, «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «First Heartland Jusan Bank» АҚ, Астана қаласының полиция департаменті және тағы басқалар бар.
Tanda.enbek.kz-те жұмыс берушілер өз кәсіпорындары туралы қысқаша ақпаратты, сондай-ақ бос орындар туралы мәліметті орналастырады.
20 маусымда, яғни онлайн-жәрмеңке өтетін күні жұмыс іздеушілер қолжетімді бос жұмыс орындарын көретін болады, түйіндемелерін әлеуетті жұмыс берушілерге жіберіп, компаниялардың HR-менеджерлерімен сөйлесе алады, сондай-ақ оларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюмен қатар әңгімелесуге шақырлады.
Жұмыс берушілер өз кезегінде талабына сай келетін кандидаттардың жеке базасын қалыптастырады.
Онлайн-жәрмеңкеге қатысу үшін үміткерлер жәрмеңке өтетін www.tanda.enbek.kz сайтына кіріп, тіркеуден өтуі және жеке кабинетте өзекті түйіндемесін дайындауы керек.
Алдағы уақытта Tanda.enbek.kz-те еліміздің барлық өңірлерінде тұрақты негізде онлайн бос орындар жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеге тіркелу жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер үшін ашық.