• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Елбасы кітапханасының директоры Ә.Рахымжановтың  М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ғалымдарымен кездесуі

07.09.2019
0
Елбасы кітапханасының директоры Ә.Рахымжановтың  М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ғалымдарымен кездесуі
490
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

6 қыркүйек күні М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдардың докторы, профессор Әмірхан Рахымжановтың аталған жоғарғы оқу орнының профессорлық-оқытушы құрамымен, докторанттарымен, магистранттарымен кездесуі өтті.

Кездесудің модераторы М.Х. Дулати атындағы ТарМУ ректоры Махметқали Сарыбеков өз сөзінде осындай кездесулердің өңірдің ғылыми қоғамдастығы үшін маңыздылығын атап өтті. 

Әмірхан Рахымжанов кездесу қатысушыларына Елбасы кітапханасының қызметі мен 3 қыркүйекте Қордай және Шу аудандарындағы іс-шаралардан бастау алған Жамбыл облысында өтіп жатқан «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» жылжымалы көрме жобасына жан-жақты тоқталды. Бұдан басқа, Тараз қаласында кітапхана, архив, музей саласының қызметкерлеріне, мемлекеттік қызметкерлерге және ғылыми қоғамдастыққа арналған аймақтық кәсіби сессия мен ғылыми-практикалық семинар өтті. Ал кеше, 5 қыркүйекте Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде аталған жобаның ашылу салтанаты өтті.    

Кездесу барысында Елбасы кітапханасының атынан университетке кітаптар жинағы тарту етілді. Олардың қатарында Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері, отандық және шетелдік авторлардың Елбасы туралы кітаптары, қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдениет тақырыптарындағы өзекті әдебиеттер бар.

— Бұл кітаптар жас ғалымдар мен студенттер үшін тәуелсіз Қазақстанның тарихы туралы білімнің құнды көзі болып табылады. Туындыларда еліміздің қалыптасуы мен Елбасымыздың жанкешті еңбегі туралы шынайы деректер, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында халықаралық кеңістіктегі оқиғалардың беделді қатысушысына айналған Қазақстанның болашағына деген көзқарас жинақталған, — деп атап өтті Ә.Рахымжанов. 

Өңірдің жас ғалымдарының атынан Жанғазы Молдамұратов сөйледі. Ол Елбасы кітапханасы жобасының әсіресе болашақ тарихшылар үшін ғылыми құндылығын атап өтіп, профессор Ә.Рахымжановқа бірнеше сұрақ қойды. 

2017 жылғы қарашадан бастау алған «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» жылжымалы көрме жобасымен Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының 900 мыңға жуық тұрғыны танысып үлгерді.

«Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрмесі Жамбыл облысында 2019 жылғы қазан айының соңына дейін жалғасады.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 10,8%-ға артты

Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 10,8%-ға артты

14.05.2025
Сұйытылған мұнай газын экспорттауға тыйым салу мерзімі ұзартылды

Сұйытылған мұнай газын экспорттауға тыйым салу мерзімі ұзартылды

14.05.2025
Қазақстанда ұлттық жасанды интеллект платформасы пайда болады

Қазақстанда ұлттық жасанды интеллект платформасы пайда болады

14.05.2025
Жұмысшы мамандықтар: Жамбылда 6 салалық кешен ашылады

Жұмысшы мамандықтар: Жамбылда 6 салалық кешен ашылады

14.05.2025
Мектеп оқушылары аудан әкімін таниды ма?

Мектеп оқушылары аудан әкімін таниды ма?

14.05.2025
Тоқаев министр Марат Қарабаевқа сөгіс жариялады

Тоқаев министр Марат Қарабаевқа сөгіс жариялады

14.05.2025
«Ойлан, тап» олимпиадасында кім жеңді?

«Ойлан, тап» олимпиадасында кім жеңді?

13.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский