Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің бұрыңғы басшысы І.Бекежанов, Жамбыл облысы әкімдігі табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалану басқармасы басшысының бұрыңғы орынбасары Мақсат Зауырбеков, Жуалы ауданының Құрметті азаматы, спорт саласында бірнеше жыл қызмет атқарған, белсенді азамат Манарбек Ағайдаровқа қатысты қылмыстың іс №2 Тараз қалалық сотында қаралуда деп хабарлайды TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі.
І.Бекежанов қылмыстық кодекстің лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану және қызметтiк жалғандық жасау бойынша айыпталды. Аталған баптар бойынша кінәсі расталса жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
М.Зауырбековке қатысты істе бірнеше адам кінәлі деп табылған. Ал, экс шенеунікке сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу бабы бойынша сот процестері жүруде.
Ал, Жуалы ауданының «Құрметті азаматы» М.Ағайдаровқа қатысты қылмыстық істе сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алып, ірі көлемде талан-таражға салу бабы бойынша айып тағылды.