• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары Азаматтық қоғам институттары

Екінші әйел алатын еркек қандай болуы керек?

05.12.2017
0
Екінші әйел алатын еркек қандай болуы керек?
1
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Екінші әйел алатын еркек қандай болуы керек?
Асыл дінімізде көп әйел алуға Алла Тағала рұқсат берген. Мұны екінші, үшінші, төртінші әйел алуға Алла бізді міндеттеді, парыз етті, солай бұйырды деп қате түсініп қалмаңыз. Көп әйел алудың Ислам дініндегі үкімі – парыз не уәжіп емес. Тек кейбір жағдайларға байланысты рұқсат етілген жол ретінде ғана қарастырылады.
Қазіргі таңда жасыратыны жоқ, екінші әйел алу кейбір дәулетті еркектердің ермегіне айналып барады. Қазір некелерін ың-шыңсыз қидырып, «үй ішінен үй тігіп» жүргендер өте көп. Сондай-ақ, тұрмысы жүдеу еркектердің де жасырын некемен екінші отбасын құрып жүргенін көз көріп жүр. Ал шын мәнінде шариғат жолымен екінші әйел алатын еркек қандай болуы керек?!
Жарыңызға дінді үйрету үшін алдымен өзіңізді жарылқаңыз!
Екінші әйел алуға ниет еткен әрбір ер азамат алдымен өзінің иман деңгейіне баса назар аударғаны дұрыс. Себебі, «ізгі әйелдер ізгі еркектерге» ғана тиесілі. «Бізге екінші әйел алуға рұқсат етілген ғой» деп айтып алып, өздері Алла парыз еткен намаздарды дұрыс орындамай, әсіресе, таң намазына да тұра алмайтын еркектер де бар. Ер адамның ең басты міндеті – отбасы мүшелеріне дұрыс тәрбие беріп, пайдалы ілім үйрету. Және тәрбиелеуде діни қағидаттарға сүйенгені абзал. Отағасы үшін отбасы мүшелеріне діни мəліметтерді үйреніп, құлшылықтарын орындай алатын жағдай жасау да негізгі міндеттердің бірі. Мұсылманның білімі телегей теңіз болғаны жарасымды. Отағасы ретінде əйелі мен бала-шағасына имани мəселелерді (ақида), харам мен халалды үйретуі керек. Білім беруде ең бірінші діни құндылықтарды үйрету парыз. Сондықтан, екінші, үшінші және төртінші әйел алсаңыз да, алдымен өзіңіздің иманыңызға берік болыңыз. Себебі, иманды адам ешқашан өзіне де, өзгеге де қиянат жасамайды.
Жауапкершілікке абай болыңыз!
Батыстық ғалым Густав Ли Вон: «Мұсылмандардың көп әйелмен некелесуі – заңды түрде бір әйелмен некелесіп, жасырын түрде көп әйелмен көңілдес болып жүре беретін европалықтардан әлдеқайда артық» деп ашық мойындаған екен. Артық болған істің ең басында жауапкершілік мәселесі тұр. Ер кісінің екі жанұяны бірдей басқаруға қабілеті жеткіліксіз болса немесе екінші әйел алған жағдайда бірінші жанұяның шаңырағы шайқалар болса, мұндай іске барудың өзі қатерлі әрі жауапкершілігі де ауыр. Көп әйел алудың өзіндік күрделі шарттары мен арнайы талаптарының барын ескерер болсақ, көп әйел алудың әркімнің батылы жете бермейтін жауапкершілігі зор іс екенін байқаймыз. «Әйел – Алланың аманаты» екенін ұмытпаңыз. Сондықтан үйленетін адамның өз жағдайын, жанұясының әрі қоғамның ахуалын, тыныс-тіршілігін есепке алмастан мұндай қадамға баруы мүлдем дұрыс емес.
Әйелдер арасында әділ болғаныңыз үшін сауап аласыз!
Алла Тағала Құранның «Ниса» сүресінде: «Егер әйелдер арасында әділдік жасай алмаймын деп қорықсаңдар онда біреуі жеткілікті…» деген. Сондай-ақ, осы сүреде: «Қанша тырыссаңдар да әйелдердің арасында әділдік етуге (яғни, барлығын бірдей дәрежеде жақсы көруге) шамаларың жетпейді. Ендеше біреуіне бар назар аударып, екіншісін күйеусіз қалғандай жағдайда қалдырмаңдар» деп ескертеді. Екінші әйел алған еркек әйелдерінің арасында қара қылды қақ жарардай әділдік тең қарым-қатынас құруы керек. Біреуіне жылы шырай танытып, екіншісімен суық қарым-қатынас жасау, біреуінің жанында көп болып, екіншісінікінде аз уақыт болу секілді көңілдеріне кірбің салар әділетсіз араластықта болу дұрыс емес. Біреуіне жағдай жасаса, екіншісіне де дәл сондай жағдай жасауы керек. Ал мұндай талаптарды орындай алатындардың саны өте аз екені айтпаса да түсінікті. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Екі әйелі бар кісі әйелдерінің береуімен артығырақ қарым-қатынас жасап, әділетсіздікке жол беретін болса, ондай адам ақырет күні бір иығы төмен салбыраған күйде келеді» (Насаи) – деп әйелдерінің арасында әділетсіз қарым-қатынас жасаған еркектің ақыреттегі аянышты жағдайын білдірген.
Қай әйеліңізді де асырап, бағуға міндеттісіз!
Әйелді асырау, киіндіру, тапқанын ысырап етпей ретімен жарату ер адамның мойнындағы жауапты іс. Ең бірінші отбасына жақсылық жасауы тиіс. Еңбектенбей өзіне жүктелген міндетті ескермей жалқаулыққа салынып отбасына мән бермей, көңіл бөлмей жүрген жандар қияметте жауапқа тартылады. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір күні сахабаларына: «Адамның ең жаманы отбасына киыншылық көрсеткен кісі» деген. Отбасын караусыз қалдырып, қажеттілігін өтемей кайырлы іс деп тапканын сыртқа жіберген ердің садақасы кабыл болмайды. Алла Тағала отбасын, бала-шағасын асыраған еркекке сауап жазады. Көп әйел алу – әркімнің батылы жете бер­мейтін жауапкершілігі мол іс екендігі ақиқат. Себебі, ер кісінің екі отбасын бірдей басқаруға жағдайы болуы қажет. Мәселен, бірінші әйеліңізді зәулім сарайда, ал екінші әйеліңізді лашықта тұрғызуға болмайды. Бірақ, бала санына қарай өзгерістер болуы мүмкін. Қандай жағдай болса да, екі жақты тең ұстауды ұмытпаңыз. Ендеше, әр адам өз санасы мен жағдайына байланысты бұл сұраққа өзінше жауап іздеп көрсін. Себебі, ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «…Ер адам отбасы үшін жауапкер және отбасы үшін сұралады…», – деген.

Салтанат ҚОЖА

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Мемлекет басшысы анасы туралы жылы естеліктерімен бөлісті

Мемлекет басшысы анасы туралы жылы естеліктерімен бөлісті

11.05.2025
Халықаралық жарыста қазақ спортшылары топ жарды!

Халықаралық жарыста қазақ спортшылары топ жарды!

11.05.2025
Халықаралық турнирдің қола жүлдегері!

Халықаралық турнирдің қола жүлдегері!

11.05.2025
Жас палуанның жарқын жеңісі!

Жас палуанның жарқын жеңісі!

11.05.2025
Оқушылар қай күні емтихан тапсырады?

Оқушылар қай күні емтихан тапсырады?

11.05.2025
Қазақтың көрнекті ақыны Темірхан Медетбек өмірден өтті

Қазақтың көрнекті ақыны Темірхан Медетбек өмірден өтті

11.05.2025
«Сыр жұлдыздары» атты заманауи орталық ашылды

«Сыр жұлдыздары» атты заманауи орталық ашылды

10.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты