«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 49-VIII ҚРЗ 2023 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы №3 Заңына (әрі қарай — Заң) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Атап айтқанда, 10-бап. Қоғамдық бірлестікті құру: қоғамдық бірлестік Қазақстан Республикасы азаматтарының кемінде үш адамнан тұратын тобының бастамасы бойынша құрылады.
Әділет департаментінің бас маманы Даныш Сұлтанбеков төмендегідей пікірін білдірді:
«Заң жобасы «Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы» ҚР Президентінің 2021 жылғы 9 маусымдағы № 597 Жолдауын іске асыру мақсатында азаматтардың бірігу құқығын кеңейту бөлігінде әзірленген. Нормаларға сәйкес, енді қоғамдық бірлестікті құру үшін үш адамнан құралған топ жеткілікті болады. Жоғарыда аталған өзгерістерге сәйкес, қоғамдық бірлестіктер құрылтайшыларының (қатысушыларының, мүшелерінің) құрамы кемінде үш адам болса жеткілікті.
Бұл өз кезегінде азаматтарымыздың қоғамдағы құқығын одан әрі кеңейтіп, жаңа мүмкіндіктер жасауға міндеттейді» деп пікір білдірді Даныш Сұлтанбеков.
Айта кететін мәселе, жалпыға бірдей декларациялау бойынша 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
— заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары;
— жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары.
TURANINFO.KZ