Ағымдағы жылдың 1 маусым күні «Үміт» бөбектер үйінде үкіметтік емес ұйымдардың бастамасымен «Мерекеңмен, балақай!» атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Акция барысында кішкентай бүлдіршіндерге арналған түрлі сыйлықтар тапсырылды («коляска» және түрлі ойыншықтар).
Акцияға «Ғасыр сапасы» қолданушылардың құқықтарын қорғау агенттігі» қоғамдық бірлестігі, «ПАРИТЕТ» құқық пен медиация орталығы» жеке-меншік мекеме, «ПАРЫЗ» қоғамдық бірлестігі, «Жамбыл облысы іскер әйелдер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі, «Жамбыл облысы саясаткер әйелдер клубы» қоғамдық бірлестігі, «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Жастар-зерттеу» жастар қоғамдық бірлестігі, «Ассоциация работников Средств Массовой Информации» жастар қоғамдық бірлестігі атсалысты.