ҚБТУ маңындағы ескі алаңға келген Orda.kz тілшілері митинг өтетін орында бәрі тыныш екенін хабарлады. Әр бұрышта 2-3 полиция қызметкері кезекшілікте тұр, бірақ көлік қозғалысы шектелмеген, байланыс жақсы жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚДТ белсенділері әлеуметтік желі арқылы Қазақстанның түкпір-түкпірінде митингке шығуға шақырған болатын.

Үкіметтің саясатына көңілі толмайтын адамдардың негізгі талаптары мынадай:
Әлия Назарбаеваның қалтасына түсетін қайта өңдеу салықтарын алып тастау;
Жалақыны, зейнетақы мен жәрдемақыны екі есе арттыру;
Саяси тұтқындарға бостандық беру.

Дереккөз-https://kaz.orda.kz/dt-tyjym-salyn-an-oz-alysyny-narazyly-sheruine-belsendiler-kelmedi/






