ДІН МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ
Жамбыл облысы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының «Радикалды діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру және дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау» тақырыбындағы мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысы шеңберiнде «Адырна-Таразы» жастар қоғамдық бірлестігі облыс аумағында этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау мәселелерін талқылау мақсатында «Жастар және Қазақстан халықтарының діни ұқсастығы» тақырыбына семинар-кеңестер, кездесулер өткізді.
Іс-шараға республикамызға танымал дінтанушы, Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Гуманитарлық ғылымдар факультеті Дінтану кафедрасының доценті Сержан Қарсыбайұлы Оразбай шақырылған.
Аталмыш шара облысымыздың Т.Рысқұлов ауданы, Меркі ауданы, Қордай ауданы, Шу ауданы, Мойынқұм ауданы аудандарында ұйымдастырылды.
TURANINFO.KZ