Бұл күні облыстық дін істері басқармасының мамандары М.Сейтхази, Н.Стамбакиев кездесу өткізді. Басқосу барысында жазасын өтеушілер дін өкілдеріне көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.
— Жат ағымның жетегінде кеткен көптеген адамдар Отанына, отбасына және ата-бабамыз ғасырлар бойы дәріптеген дәстүрлі дінімізге, қалыптасқан салт-дәстүрімізге күдік келтіріп, қарсы қояды. Осындай дінді теріс бағытта насихаттайтындардан сақ болған жөн, — дейді дінтанушы-теолог мамандар.