• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
18.11.2026, 07:35
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КАНДИДАТТАРЫ ЖУАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Алина Мейірбекқызы Алина Мейірбекқызы
05.11.2026, 18:49
Сайлау-2026
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КАНДИДАТТАРЫ ЖУАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
9
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысында «Әділет» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Партиялық тізім бойынша ұсынылған кандидаттар Еркінбаева Ләззат Қалымбекқызы мен Оралхан Дәуіт Абдрашұлы Жуалы ауданына барып, жергілікті тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен кездесті.

Кездесулер барысында партия өкілдері «Әділетті болашақ үшін» атты 2026–2031 жылдарға арналған өңірлік сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстырып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың тұрмыс сапасын арттыру, кәсіпкерлікті қолдау және ауыл шаруашылығын өркендету мәселелерін талқылады.

 

Бағдарламада 2031 жылға қарай 4,6 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруге ықпал ету, оның ішінде 8 833 бюджеттік пәтерді тұрғындарға ұсыну көзделген. Бұл тұрғын үй кезегін 13 пайызға, яғни 68 344 адамнан 59 511 адамға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлікті қолдау мәселесіне де ерекше назар аударылды. Бағдарлама аясында «Ауыл аманаты» арқылы 5,2 мың жеңілдетілген микрокредит беру, ал «Іскер аймақ» бағдарламасы шеңберінде шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлердің кемінде 500 жобасына қолдау көрсету жоспарланған.

«Ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту мен тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал етеді. Сайлауалды бағдарламамызда тұрғын үй кезегін қысқарту, жеңілдетілген микрокредиттер беру және шағын бизнес жобаларын қолдау міндеттері қамтылған», – деді кандидат Оралхан Дәуіт Абдрашұлы.

Сапар аясындағы келесі кездесу Д.А. Қонаев атындағы мектеп-гимназиясында өтті. Жиында білім беру саласын дамыту, оқушыларға сапалы білім алуға мүмкіндік жасау және сұранысқа ие мамандар даярлау мәселелері сөз болды.

Бағдарламада 2031 жылға қарай мектепке дейінгі ұйымдарда кемінде 8,4 мың жаңа орын ашу, 4 370 оқушы орнына арналған 9 мектеп салу және 138 STEM-кабинет сатып алу көзделген. Сонымен қатар Тараз қаласында инженерлік, IT, математикалық және гуманитарлық бағыттағы 3 мамандандырылған мектеп ашу жоспарланған. Техникалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін 64 пайызға, дуальды оқытумен қамтылған техникалық және кәсіптік білім беру студенттерінің үлесін 50,6 пайызға, үш біліктілікке дейін беретін бағдарламалардың үлесін 30 пайызға жеткізу қарастырылған.

«Сапалы білім мен кәсіби даярлық жастардың болашағына жол ашады. Бағдарламада жаңа білім беру орындарын ашу, заманауи STEM-кабинеттерін енгізу және техникалық мамандықтар бойынша кадр даярлауды кеңейту міндеттері белгіленген», – деді кандидат Еркінбаева Ләззат Қалымбекқызы.

Жуалы сүт зауытының еңбек ұжымымен өткен кездесуде отандық өндірісті қолдау, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және кәсіпорындардың өндірістік әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды. Партия өкілдері еңбек қауіпсіздігі мен қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етудің маңызын атап өтті.

Өңірлік сайлауалды бағдарламада 2031 жылға қарай ет өңдеу деңгейін 43,9 пайыздан 49,9 пайызға, сүт өңдеу деңгейін 46,8 пайыздан 54,8 пайызға дейін арттыру көзделген. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамытуға және дайын өнімнің үлесін ұлғайтуға бағытталған.

Жуалы ауданындағы кездесулер барысында тұрғындар мен еңбек ұжымдарының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, сайлауалды бағдарламада қамтылған бастамалар түсіндірілді. Кездесулер тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, білім беру мен өндірісті дамыту және ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау мәселелеріне арналды.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Д. А. Каипов.

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінің сайлау қоры қаражатынан төленді.

Тегтер: http://turaninfo.kz/
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Бейқұт Жамангозов: «Халық үні — менің бағдарламамның негізі»

Бейқұт Жамангозов: «Халық үні — менің бағдарламамның негізі»

17.11.2026, 23:55
Айман Ашимова: «Тұрғындар тілегі басты назарда»

Айман Ашимова: «Тұрғындар тілегі басты назарда»

17.11.2026, 23:37
Жамбылда 116 инвестициялық жоба жүзеге асады: «Әділет» кандидаттары өндіріс ұжымымен кездесті

Жамбылда 116 инвестициялық жоба жүзеге асады: «Әділет» кандидаттары өндіріс ұжымымен кездесті

17.11.2026, 18:29
«Әділет» кандидаттары денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелерін талқылады

«Әділет» кандидаттары денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелерін талқылады

16.11.2026, 18:06
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бейқұт Жамангозов: «Халық үні — менің бағдарламамның негізі»

17.11.2026, 23:55

Айман Ашимова: «Тұрғындар тілегі басты назарда»

17.11.2026, 23:37

Жамбылда 116 инвестициялық жоба жүзеге асады: «Әділет» кандидаттары өндіріс ұжымымен кездесті

17.11.2026, 18:29

«Ақ әжелер ізімен» облыстық жобасының үздіктері анықталды

17.11.2026, 17:41

Туризм және инвестиция басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

17.11.2026, 11:43

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.