• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

ДЕПАРТАМЕНТ ЖОСПАРДАН ТЫС 32 ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗДІ

28.01.2019
0
ДЕПАРТАМЕНТ ЖОСПАРДАН ТЫС 32 ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗДІ
224
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысы Талғат Байзақовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Талғат Тоқсанәділұлы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау жұмыстары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған іс-шаралар туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
2018 жылы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриалық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) қауіпті өндірістік объектілерде апаттар мен инциденттердің болу мүмкіндігін азайту бағытында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қадағалау-профилактикалық жұмыстары жүргізді.
Есепті кезеңде қадағалау жұмысын штат бойынша 14 мемлекеттік инспектор, нақты саны 11 адам құрайтын мемлекеттік инспекторлық құраммен жүргізді. Департаменттің қадағалауында 269 кәсіпорын бар, оның ішінде 95 тәуекел дәрежесі жоғары субъектілер, 174 тәуекел дәрежесі жоғары субъектілерге жатпайтындар.
2018 жылы Департаменттің инспекторлық құрамымен 64 ерекше тәртіп бойынша, 35 жоспардан тыс және 32 профилактикалық бақылау мен қадағалау түрінде тексерулер жүргізілді. Аталған тексерулер барысында 706 қауіпті өндірістік объектінің жұмысы зерделеніп, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша 658 норма және ереже талаптарының бұзылғандығы анықталды. Әкімшілік жауапкершілікке тартылып 37 заңды тұлғаларға және 12 жеке тұлғаларға жалпы сомасы 2 млн. 609 мың 425 теңге құрайтын айыппұлдар салынды. Барлық 49 айыппұл жалпы соммасы 2 млн. 609 мың 425 теңге төленді.
Есепті кезенде лицензия алуға ұсынылған қажетті келісімді алу үшін, келіп түскен 32 сұраныстар қаралып, 28 сұраныстарға келісім берілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы маңызды сауалдарды жаңғырту бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында 51 рет жұмыс жүргізілді, онын ішінде 20 радио, 2 теледидар, 12 баспасөз және 17 сайтта.
2018 жылы Департамент мамандарымен 1203 хат дайындалып жауап берілді. Соның ішінде, Комитетке 435 хат жіберілді. Жеке және заңды тұлғалардың сұраныстары бойынша 165 хат қаралып жіберілді.
Департаменттің мемлекеттік көрсететін қызмет бойынша атқарған
жұмысы туралы
2018 жылы жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат алуға 56 сұраныс қаралып, 44 сұранысқа келісім берілді, ал 12 сұранысқа рұқсат беруден дәлелді бас тартылды. Сонымен қатар, қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған 134 жобалау құжаттары Департаментте қаралды, онын ішінде 82 жобаға келісім берілді, 52 жобаға келісім беруден бас тартылды.
Департаменттің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етудің 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспары жасалды.
Аталған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2018 жылдың 3 сәуірінде Департаментте «Халыққа қызмет көрсету орталығының № 4» бөлімінің басшысы және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің жетекші маманының қатысуымен Департаментте Электрондық мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкімет» тақырыбы бойынша «Дөңгелек үстел» өтті.
Сонымен қатар, 2018 жылдың 25 мамырында Департаментте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің жетекші маманы және Департаменттің қадағалауындағы кәсіпорын мамандарының қатысуымен «Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты туралы тақырыбында «Дөңгелек үстел» өтті.
2018 жылдың 9 қарашасында Департаментте Жамбыл облысындағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылары мен өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімдері басшыларының қатысуымен «Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаттар беру» тақырыбында семинар жиналыс өткізілді.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің 2018 жылдың І жартыжылдығына арналған брифингтер кестесіне сәйкес, ағымдағы жылғы маусымның 19 күні «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы декларациялануға жататын қауіпті өндірістік объектілер» тақырыбында облыстық бұқаралық ақпарат құралдары тілшілерімен өткізілген брифинкке қатыстым.
Брифингте «Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін айқындайтын тәртібі» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 864 қаулысы және «Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 341 бұйрығы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар брифингке қатысушылардың қойылған сұрақтарына жауап бердім.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің» 2018 жылға арналған баспасөз конференциялар кестесіне сәйкес, ағымдағы жылдың 13 қараша күні «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері туралы» тақырыбында облыстық бұқаралық ақпарат құралдары тілшілерімен өткізілген брифингке қатыстым. Брифингте «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы», «Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаттар беру» және «Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар брифингке қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап бердім.
Өткізілген іс-шаралар бойынша Комитеттің ресми сайтында және Департаменттің «В-контакте» сайтында жарияланды.

Жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізу бойынша
Қазақстан Республикасы Президентінің саясаты бойынша, Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті тұрақты түрде сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға жол бермеу және алдын алу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарып отыр.
Осы бағыттағы жұмысты жоспарлы жүргізу үшін «Қауіп — қатер» тобына қатысты тұлғаларды тыңдау кестесі және сыбайлас жемқорлық құбылыстарының алдын алу бойынша жеке профилактикалық жұмыстар жүргізу «қауіп — қатер» тобының тізімі әзірленіп 2018 жылдың 3 қаңтарында бекітілді. Айтылған кестеге сәйкес, наурыз айында тау–кен техникалық қадағалау, маусым айында қазандық, газ шаруашылығы, көтергіш құрылыстары және нан өнімдері объектілерін мемлекеттік қадағалау, қыркүйек айында химия және металлургия өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау, желтоқсан айында салааралық қадағалау, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау бөлімдері тындалды. Бөлімдерде тыңдалған нәтижелер бойынша хаттамалары дайындалып, сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерге жол бермеуі туралы түсініктеме берілді.
2018 жылдың 27 наурызда Департаментте «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы (бұдан әрі – «Нұр Отан» партиясы) жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің заңгерінің қатысуымен «Сыбайлас — жемқорлық өзекті мәселе» тақырыбында жиналыс өтті. Департамент қызметкерлеріне «Нұр Отан» партиясының кеңес заңгері сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген іс-шаралар туралы мәліметтерді жеткізіп, түсіндірулер жүргізді.
2018 жылдың 25 маусымында Департаментте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — баршамызға ортақ іс» тақырыбында жиналыс өтті. Жиналыс барысында Департамент қызметкерлеріне Жамбыл облыстық филиалы партиялық бақылау комиссиясының инспекторы жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Департамент қызметкерлеріне бірнеше мысалдар келтіріп, атқарылған жұмыстар бойынша түсіндіру жүргізді.
2018 жылдың 15 тамызында Департаментте «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі» тақырыбында жиналыс өтті. Жиналыс барысында Департамент қызметкерлеріне «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактика басқармасының жетекші маманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген іс-шаралар туралы мәліметтер жеткізіп, атқарылған жұмыстар бойынша түсіндіру жүргізді.
2018 жылдың 20 қарашасында Департаментте «Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің беделіне нұқсан келтіретін дерт» тақырыбында семинар-жиналыс өтті. Семинар-жиналыс барысында Департамент қызметкерлеріне «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген іс-шаралар туралы мәліметтер жеткізіп, атқарылған жұмыстар бойынша түсіндіру жүргізді.
Департаменттегі әр жиналыстың өтуі кезінде сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға жол бермеу туралы ескертіледі.
Мемлекеттік қызмет саласындағы нормативтік-құқықтық актілері, ақпараттандыру үшін, Департамент ғимаратында орналастырылған. Орындалған жұмыс нәтижесі туралы ақпарат Комитеттің сайтында және Департаменттің «В-контакте» парақшасында орналастырылды.
Бүгінгі таңда Департаменттің 1-ші қабатында «бір терезе» қағидаты бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдап қарастыратын арнайы орын бар. Сол орында, Департамент, бөлім басшылары және қадағалаушы инспекторлары құрамымен түсіндіру сауалдары бойынша азаматтарды қабылдау қамтамасыз етіледі, сонымен қатар сол орында қадағалаудағы кәсіпорындардың басшыларынан және тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының мүшелерінен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша емтихан қабылдау талаптарын жойғанға дейін қабылданды. Сондықтан, Департамент басшысының бұйрығына сәйкес, Департаменттің ғимаратына бөгде адам кіруіне шек қойылған.
Департаментте мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есептіліктің 1С бағдарламасы орнатылып, жұмыстар атқарылуда, сондай-ақ, «Е-лицензиялау», электрондық құжат айналымның бірыңғай жүйесі (ЭҚАБЖ), мемлекеттік органдардың интранет порталы (ИПГО), тексерудің біріңғай жүйесі (ЕСП), «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйелері іске қосылып, қазіргі уақытта осы бағдарламалармен жұмыстар жүргізіліп отыр.
Есепті кезеңде осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа және қылмысқа жол берілген жоқ.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Отбасы – тәрбиенің алтын діңгегі

Отбасы – тәрбиенің алтын діңгегі

15.05.2025
15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай тағылымды кездесу өтті

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай тағылымды кездесу өтті

15.05.2025
ТЖД Алматылықтарға ескерту жасады

Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

15.05.2025
13 қаңтар Қазақстанда қаңтардағы ҰБТ басталды

Қазақстанда ҰБТ өтетін күндер өзгерді

15.05.2025
Наурыздағы демалыс күндері?

Маусым айында қанша күн демалыс бар?

15.05.2025
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ  ӨҢІРЛІК КАДР РЕЗЕРВШІСІ ЛАУАЗЫМҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КАДР РЕЗЕРВШІСІ ЛАУАЗЫМҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

15.05.2025
Академик, математик, Мұхтарбай Өтелбаев: «Баланы шет елде оқыту мақтаныш емес»

Академик, математик, Мұхтарбай Өтелбаев: «Баланы шет елде оқыту мақтаныш емес»

15.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты