Қараша айында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы қолдауымен «Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры» Жамбыл облысында «Демеу» волонтерлік әлеуметтік кіші гранты аясында «Жамбыл облысы жастар маслихаты» жастар қоғамдық бірлестігі Жамбыл облысы Жамбыл ауданы тұрғындар мен кездесу — семинарлар өткізілген болатын. Кездесулерде көтерілген мәселелер атқарушы билікке жолданып жауаптары төмендегідей:
#DEMEU2021 ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 22 ЕЛДІМЕКЕН ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ
«DEMEU2021» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 22 ЕЛДІМЕКЕН ТҰРҒЫНДАРМЕН ӨТКІЗІЛГЕН КЕЗДЕСУ БАРЫСЫНДА ТУЫНДАҒАН СҰРАҚТАР
№ |
Ауылдық округтер |
Қойылған сұрақтар |
Жауаптары |
1 |
Тоғызтарау ауылдық округі |
Жаңаөткел ауылы ауданнан жырақ жатқан шеткері ауыл. Бірақта ауылға апаратын ескі жол жөнделген, халық оған қуанышты. Ауылда көп мәселе шешімін тапқан, жарық бар, ауыз су мен қамтылған. Тек ауылға табиғи газ тартылмаған және интернет пен ұялы байланыстың ұстамауы мәселесі барлық ауыл тұрғындарының шешімін тапса екен деген жалпы өтініші. |
Қазіргі таңда округтегі елді мекендерге табиғи газбен қамту бойынша, Билікөл АГРЭС бекетін соғу жұмыстары жүргізілуде; |
2 |
Екінші тоқтаған ауылымыз Жаңаөткел ауылынан қатты алыс емес Тоғызторау ауылы. Ауылдағы негізгі мәселе көрші ауылдағыдай ұялы байланыс мәселесі. Интернет тек мектепте , үйдің ішінде WI-FI құрылғысы арқылы ғана ұстайды , үйден шыққан соң тартпай қалады. Ұялы байланыс алысты жақындататын, ауылда неше түрлі жағдайлар болады , шұғыл міәселелер.Сол кезде ол байланыстың көмегі өте қатты керек болады деп тұрғындар базынасын жеткізді. |
Интернет және ұялы байланыс бойынша- Тоғызтарау және Жаңаөткел ауылдарынан байланыс телемұнарасын соғуға жер телімі беріліп, шешім шығарылды. |
|
3 |
Ауыл тұрғыны Сапарханова Индира ханым ауылда тұрған соң мектепте істейтін жұмысынан бөлек қосымша кәсіппен айналыссам деген ойы бар екенің, бірақта бұл жақтағы мәселе судың жетіспеушілігі. Ауылда су сақтайтын резервуардың болғаны мен де оның істемей тұрғаның айтып қынжылысын білдірді. |
Ауылдағы су сақтайтын резервуардан істен шықпай жұмыс жасалып тұрғандығын және бұл резервуардағы су егіндік егуге арналмағандығын хабарлаймыз. Себебі бұл су ауылдық халықты ауызсумен қамтамасыз етуге арналған. |
|
4 |
Өрнек ауылдық округі |
Келесі ауыл Өрнек ауылы. Бұл ауылда да жол мәселесі өз шешімін тапқан. Ауыл халқының жалпы сұрағы ауылға газ қашан кіреді.Оның жұмыстары қалай жүріп жатыр,тағы әлі ұзақ күтемізбе деген уайымдарын жеткізді. Ауыл тұрғының айтуынша көтерген мәселесі, ауыл жанынан өтетін Аса өзенінің жағдайы. Жеке өңдірістік компаниялар өзен табанынан құм алып өздерінің кәсібін жүргізгенімен де. Ол ауылға , ауыл халқына кесірін тигізіп жатыр деп өз қынжылысын білдірді. |
«DEMEU-2021» жобасы аясында Өрнек ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында көтерілген мәселелер бойынша төменгі мәліметтер беріледі. 1.Елдімекеннің газбен қамтамасыз ету мәселесі туралы. «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында Өрнек ауылында ауылішілік газ жүйесін жүргізу жұмыстары жүргізілді. Мердігер «AKBARS STROI LTD»ЖШС. Жұмыстар аяқталды, қабылдау жұмыстары жүргізілүде. «КазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл облысы филиалы Өрнек ауылдық округінде Өрнек ауылындағы, Жұма станциясындағы тұрғын үйлерді газ жүйесіне қосу жұмыстарын жүргізүде. Жұма станциясының 50 ауласының 42 ауласын ,Өрнек ауылының 420 ауласының 90 ауласын газ жүйесіне қосу жұмыстарын жүргізді. Жұмыстар 2022 жылы аяқталуы тиіс. 2.»Керамик-Инвест»ЖШС Аса өзенінен құм алу жұмыстарын жүргізуге рұқсат құжаттары бар.Жұмыстары заң талаптарына сәйкес жүргізілүде. |
5 |
Ерназар ауылдық округі |
Ерназар ауылы. Ауылдағы негізгі мәселе газ. Сол газды ауыл халқы асыға күтуде. Одан кейінгі жағдай көше жарықтары. Ауылда 8 көше болса, оның тек біреуінде ғана жарық бар.Ауыл халқы өз қаражаттарынан көшеге жарық шамдар алып орнатайын десе аудандық ЖЭС рұқсат бермейді дейді тұрғындар. Келесі жағдай ауылда белайыннан басқа сеть ұстамайды. |
Ерназар ауылында газ тарту жұмыстарын «Энергоресурс» ЖШС жұмыс жасап жатыр. Газ құбырына бөлінген қаражат 167 млн 401 мың теңге Соғылу уақыты 4 ай 29.07.2021-29.10.2021ж.ж Аула саны-296 үй Газ құбырының ұзындығы-17,420 км Округте Абай көшесі өз қаражаттарынан көшеге жарық шамдар алып орнатып қойды. Вeeline орталығынан 4G интернет желісі орнатылды. |
6 |
Қаракемер ауылдық округі |
Бесінші барған ауылымыз Қаракемер ауылы. Ауыл аудан орталығына жақын орналасқан. Бірақта біраз қордаланған мәселелері бар болып шықты. Ауылда білікті дене шынықтыру мамандарының арқасында, олардың талантты жастарды танып жаттықтруының арқасында тек аудан емес облыстан асып республикаға танымал футболшылар тәрбиелеп шығаруда. Бірақ бір әттегенайы ауылда заманауи футбол алаңшасының болмауы. 2020 жылы облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың өзі соғылады деп уәде беріп кеткенің айтып ауыл халқы үміт үзбей күтуде. |
Бүгінгі күнге «Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы Каракемер ауылында әмбебап спорт зал құрылысы» жұмыс жобасының жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалып, «Сырымбет Сараптама» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №CCon-0149/20 сараптамалық қорытындысы алынды, жалпы сметалық құны 248,362 млн тенге. Құрылыс жұмыстарына қажетті жалпы құны 241 001,197 мың теңгеге Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылып, қазіргі таңда қаражат бөліну күтілуде. |
Келесі жағдай ауыз су мәселесі.Ауылдағы ауыз судың сапасы сын көтермейді және уақытылы берілмейтін болып шықты. Бұл ауылда су үйді-үйге тартылмаған халық суды көшеден тасып ішеді. |
Ауыз су мәселесі бойынша құжаттар сараптамадан шығып, ендігі мәселе қаржы бөлінсе су құбырын тарту жұмыстары күтілуде |
||
Мектепті жылыту отының көмірден газға ауыстырса деген өтініштерің білдірді. |
Қаракемер ауылы, Төле би мектебін жылыту отының көмірден газға ауыстыруға қаражат облыстық білім департаментінен бөлінеді |
||
Келесі ауылымыз аудан орталығына тиіп тұрған Құмтиын ауылы. Бұл ауылда көп мәселе көршісі Қаракемер ауылына қарағанда жолдары болып ертерек шешімін тапқан.Бұндағы тек бір мәселе ауыл көшесіндегі жарық мәселесі. Сол мәселе шешілсе ауыл тұрғындары басқа сұрақтары жоқ екенің жеткізді. |
Құмтиын ауылындағы көше жарығы жобалық сметалық құжаттары дайындалып, аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне тапсырылған. Бірақта электр эенргиясының тапшылығына байланысты, жобалық сметалық құжаттар кері қайтарылды |
||
7 |
Аса ауылыдқ округі |
Жетінші ауылымыз аудан орталығы Аса ауылы. Ауылдағы Бауыржан Момышұлы мектебінің акт залының жылу мәселесі ақсап тұр. |
Б.Момышұлы орта мектебінің жылу жүйесі бойынша 2021ж мектептін ішкі жылу жүйелері мен акт зал, спорт зал ғимаратын жылыту үшін косымша жылу жүйесін орнату аркылы шешімі табылмақ. Ол үшин 2021ж сметасы жасалынып, 2022ж бюджетке енгізілді. Жоба кұны 7.млн.800мын тенге кұрайды. |
8 |
Көлқайнар ауылдық округі |
Бірлесу Еңбек ауылы. Ауылда ешқандай шешімін таппаған мәселе жоқ Еңбек ауылы. Еңбек ауылында да шешімін таппаған біраз мәселелер жинақталып қалыпты. Ең бірінші жағдай ауылға осыдан 6 ай бұрын көшеге жарық орнатылған. Бірақ сапасыз болып шыққан. Қазіргі таңда тек әр жерден бір екеуі ғана сығырайып жанып тұр деп тұрғындар ашулы. Қолынан келгендер шам алып есік алдындағы бағанға орнатып қойған. Жарықтың жоқтығы әсіресе оқушыларға зиян. Тас қараңғыда оқушылар қорқады, алдарынан ит немесе мал шығып қалып оқыс оқиға орын алуы мүмкін деген жағдайды тұрғындар алға тартады.. |
Көлқайнар ауылдық округі әкімі аппараты, округке қарасты Еңбек елдімекеніндегі Қапал көшесін жарықтандыру жұмыстары ағымдағы жылдың қазан айында ЖК«Ауыл береке 16» тарапынан жалпы құны 4 850 000 теңгеге жасалып тапсырылған, 17.11.2021ж. болған қатты боран салдарынан жарықтандыру жүйелері зақымдалып, қайта қалпына келтіру жұмыстары ЖК«Ауыл береке 16» тарапынан жүргізілуде. |
10 |
Екінші жағдай күрделі мәселеге айналған газ мәселесі.Ауыл тұрғыны Қуатжан Есеев мырзаның сөзі бойынша ауыл тұрғындарының барлығы 140 мың теңгден газ тартып береміз деген мердігерге жинап берген. Осы биыл әкімдер сайлауының алдында әкімнің өзі кіріп үй-үйді аралап шыққан. Сол кезде қуанып газ кіретін болды деп бұрынғы көмір пештерін бұзып тастаған. Кіретін газдары әлі жоқ. Солай екіұдай жағдайда қалдық дейді ауыл тұрғындары. Газ кіргізіп беремін деген жігітті тұрғындар жақсы танимыз деп отыр. |
Елдімекенге ауыл ішілік газ құбырларын жүргізу жұмыстары 2020 жылы жүргізілген, а.ж. магистралды газ құбырын тарту жұмыстары жүргізіліп, 2022 жылдың І-жартыжылдығында газ тарату стансиясына қосып, тұрғындарға газ беру көзделген. |
|
11 |
Үшінші мәселе ауыл ішіндегі жол мәселесі. Ауыл бойынща 4 көше болса, соның 2 көшесі асфальтталмаған. Жауынды күндері жүру мүмкін емес және ауылдың барлық малы өрістен сол көшелермен өтетіндіктен шаң өте қатты көтеріліп кәдімгі тұман сияқты болып тұрады, екі үш метірдегі адамды көру мүмкін емес дейді ауыл тұрғыны Қуатжан Есеев |
Ауыл ішіндегі 5 көшенің 3 көшесіне (Қапал, Д.Қонаев, Мектеп) 2019-2020 ж.ж. асфалът төсемелері төселген. Қалған 2 көшесіне (Қараөзек, Қ.Әшімов) 2019 ж. құм-шағал қоспаларымен жамылған, асфалът төсемелерін төсеп жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттары әзірленген, 2022 жылдың бюджеттік бағдарламаларына енгізу көзделген. |
|
12 |
Қарасу ауылдық округі |
Оныншы ауыл Ащыбұлақ ауылы. Ауылдағы негізгі мәселе бұл жақтада газ. Бұл жақтың тұрғындары да газ кіргіземіз деген мердігерлерге ақшаларын жинап берген толықтай. Әлі газ жоқ. |
Ащыбұлақ және Шайдана ауылдарына 2020-2021 жылдары ауылішілік газ құбыры тарылған болатын, яғни биылғы жылы әрбір аулаға табиғи газ кіргізілу қажет болған. Алайда, үлкен трасса газ құбырына қосылмағандықтан ауыл тұрғындары мердігер компанияға толықтай қаражаттарды төлемегендіктен жаппай барлық үйлерге кіргізілмеген. |
13 |
Екінші мәселе ауылда бірде -бір көшеде жарық жоқ. Тұрғындар кеш батса айдың жарығымен жол табуға мәжбүр. Ауыл қазіргі таңда қараңғы түнекте отыр. |
Ащыбұлақ ауылы, Жамбыл көшесі 2011 жылы жарықтандырылса, Шайдана ауылындағы Ә.Нұрбаев көшесі 2012 жылы және Шайдана ауылындағы С.Көпбергенов пен Абай көшелері биылғы жылы толықтай жарықтандырылды. |
|
14 |
Бесағаш ауылдық округі |
Келесі ауыл Қазақ — Қырғыз шекаралық аймақта орналасқан Бесағаш ауылы. Ауылдағы негізгі мәселелердің бірі Мариям Мырзахметова көшесінің жарық мәселесі. Ол көше апарар жол болғандықтан көп оқушылар өтеді. Қазіргі қыс уақытында күн ерте бататын болғандықтан қараңғыда ерте түседі. Көше қараңғы болғандықтан оқушылар, балалар |
Бесағаш ауылындағы М.Мырзахметова көшесін жарықтандыру мәселе әкімдіктің жіті бақылауында. 2022 жылдың жұмыс жоспарына көшені жарықтандыру жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеп, бюджеттік өтінім беру жоспарлануда. Алдағы жылы мәселенің шешімі табылады деп жоспарлануда. 12.Он екінші ауыл Түркісіб ауылы. Ауылда негізі әлеуметтік мәселелер шешімін тапқан. Ауылдағы мектепте мұғалімдердің 50 % мамандар. Бірақ олардың көбісі Дипломмен ауылға мемлекеттік бағдарламасын пайдаланбаған. |
15 |
Он екінші ауыл Түркісіб ауылы. Ауылда негізі әлеуметтік мәселелер шешімін тапқан. Ауылдағы мектепте мұғалімдердің 50 % мамандар. Бірақ олардың көбісі Дипломмен ауылға мемлекеттік бағдарламасын пайдаланбаған. |
Ауылдық жерлерге жұмысқа орналасқан мамандарға «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасын пайдалану үшін аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне жүгіну қажет. Мамандарға жоғарыда аталған бөлімнен кеңес алуды ұсынамыз. |
|
16 |
Айшабибі ауылдық округі |
Келесі ауылымыз тағыда Қырғыз шекарасына жақын орналасқан Қаратау ауылы. Ауыл аудан орталығынан алыста жатыр. Ауылға былтыр газ кірген, бірақ газ құбырларын тартып болғаннан кейін қазылған жерлерді тегістемей көшелерді орнына келтіріп кетпеген. Соның саладарынан ауыл көшесі жаңбыр жауса батпақ, жел тұрса шаң болып тұрғындардың рәсуәсін шығарады. |
Қаратау ауылындағы Б.Момышұлы көшесі және А.Арын көшелерінің жөндеу жүргізілмеген бөлігіне орта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттама жасалынған. Алдағы уақытта қаражат қарастырылған жағдайда орта жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады |
14 |
|||
15 |
Келесі мәселе ауылға апаратын жолда қиын бұрылыстар саны көп, бірақта ол бұрылыстарға бұрылыс бар екенің ескертетін жол знактары қойылмаған соның салдарынан жол апаты көп болады |
2021 жылы 30 сәуірде Жамбыл ауданы әкімі аппаратына ауылдық округке қажетті жол белгілерін орнату туралы сұраныс хаты жолданған. Бүгінгі күні жол белгілері орнатылған. Қажетті жол белгілерге зерделеу жүргізіліп, сұраныс берілетін болады. |
|
16 |
Он бесінші ауылымыз Айша бибі кесенесі орналасқан Айша бибі ауылы. Ауыл облыс орталығына жақын орналасқандықтан көп мәселе шешімін тапқан,халықтыңда көкейінде мазалаған жеке сұрақтары болмады. |
Ауылдық округтегі өзекті мәселелер ауыл әкімінің тұрақты бақылауына алынған. |
|
17 |
Қаратөбе ауылдық округі |
Келесі ауылымыз Бектөбе ауылы. Ауылдағы ең өзекті мәселе жайылымдық жер мәселесі. Ауыл қалаға жақын орналасқандықтан жер тар жәнеде жайылымдық жерлердің көбісі жеке адамдардың қолына өтіп кеткен. Қазіргі таңда бұл мәселе әлі күрделі болып тұр. |
Ауылдық округте жайылым жер-5409га, мал саны -4184,ұсақ мал саны -22 905, жылқы -1402,Бүгінге нормаға сай 11255га қажет. Меншігіндегі жайылымдарын нормаға пайдаланбаған 5 шаруа қожалық басшыларына ескерту тапсырылды. |
18 |
Жамбыл ауылдық округі |
Шайқорық ауылы. Бұл ауылда қалаға жақын орналасқан ауыл көшесінің жарық мәселесі. Адамдар оқушылар көп жүретін үлкен көше санатына жататын Алаш көшесіне жарық орнатылмаған. Ауыл қалаға жақын орналасқандықтан қаладан қатып Шайқорық мектебінде жұмыс істейтін мұғалімдер көп. Ауылға қаладан тек бір ғана №5 қоғамдық көлік екі ортада жүреді. Маршрут уақытынан бұрын тоқтап қалады және де азанда кеш шығады. Осы мәселе ертерек шешімін тапса екен деп ауыл тұрғындары өтінішін жеткізді. |
Жамбыл ауылдық округіне қарасты Шайқорық ауылы бойынша орталық №6 автобус қоғамдық көлігі қатынайтын Р.Момбаев, Сихымбай баба және Танта ауылы, Танта көшелеріне жарықтандыру орнатылған. Қазіргі уақытта кешкі мезгілдерде түнгі жарық жанып тұр. Ал, Алаш көшесіне келетін болсақ, Алаш көшесінің ұзындығы 500 метрді құрайды, яғни қысқа көшелер санатына жатады. Жарықтандыру бойынша бүгінгі таңда ең алдымен ұзын көшелер жарықтандырылуда. Алдағы уақытта ауыл тұрғындарының сұранысы бойынша Алаш көшесін жарықтандыру үшін жобалу-сметалық құжаттарын дайындау бойынша жұмыс жүргізілетін болады және қаржалай қолдау тапқан жағдайда халық сұранысы орындалатын болады. Жамбыл ауылдық округіне қарасты елді мекендерге қатынайтын №6 автобус қоғамдық көлігінің басшысына, автобустың жүру бағыты мен уақыты бойынша бақылау жүргізу керектігі ескертіліп, хабарланғандығын мәлімдеймін. |
19 |
|||
20 |
Полатқосшы ауылдық округі |
Жалпақтөбе ауылы. Ауылда көп мәселе шешімін таппай қордаланып қалған.Бірінші мәселе ауылда және де мектеп маңында қаңғыбас иттер көп жүреді. Қаңғыбас иттердің адамдарға әсіресе жас балаларға мен оқушыларға қауіпі өте үлкен. Ауылда талай баланы қаңғыбас иттер талап тастағаның алдыға тартып, тұрғындар осы мәселені ертерек шешілсе деген тілектерін жеткізді. |
Қаңғыбас иттерді жою мәселесі: Ауыл тұрғындарының сұраныстарына сәйкес, «Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының Жамбыл аудандық ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына ауыл көшелеріндегі және мектеп маңындағы, жергілікті мекемелер маңындағы қаңғыбас иттерді жою туралы тұрақты түрде өтінім беріліп отырады. Аталған мекеменің арнайы мамандары кемінде айына 2 рет келіп, қаңғыбас иттерді аулап, жояды. Бұл мәселе ауылдық әкімдіктің тұрақты бақылауында. |
21 |
Екінші мәселе. Ауылдың негізгі орталық көшесімен автобус өтеді, бірақта автобус күтетін аялдамалардың жағдайы сын көтермейді. Төбелері ашық және қирап жатыр. |
Аялдамалар мәселесі: Жалпақтөбе ауылындағы Жалпақтөбе көшесі Республикалық маңызы бар үлкен көше, көше бойында бірнеше аялдамалар орналасқан, төбесі жабылған 1(бір) аялдама бар, оның жағдайы жақсы. Ал, қалғандарының төбесі арнайы жабдықталмаған, қирау мәселесі орын алмаған. Жыл сайын әрлеу-сырлау жұмыстары жүргізіліп тұрады. Аталған аялдамалар «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамының теңгерімінде. |
|
22 |
Үшінші мәселе. Ауылдағы жер асты құбырларының бөлінетін торабына қойылған кольцо люк мәселесі. Сол люктардың қақпақтары ұрланып кеткендіктен оған машиналардан бөлек адамдарда түсіп кеткен жағдайлар көп орын алған. Ашық тесіктерге адам құлап мүгедек болып қалған жағдайларда тіркелген. |
Ашық ауыз су құдығы мәселесі: Ауылдағы барлық көшелер бойындағы ауыз су құбырының құдықтарының қақпақтарына зерделеу жүргізіліп, нәтижесінде бірқатар құдықтардың қақпақтары толықтай жабылды. |
|
23 |
Қызықайнар ауылдық округі |
Жиырмасыншы ауыл Жасөркен ауылы. Ауыл қалаға қатты алыс болмаса да әлі газ мәселесі толық шешілмеген. Бұл ауылда да ашық люктердің мәселесі өте күрделі болып отыр және де ауыл көшелері ойыдым- ойдым тесік көп жөндеу көрмегені не біраз жылдың жүзі болған. |
Қызылқайнар ауылының негізгі мәселелері толықтай шешілген. Жасөркен ауылының газ мәселесі толықтай шешілмеу себебі, ауылдан жырақта қашықтығы 1 шақырым жерлерде орналасқан 5 жанұяға газ құбыры тартылмаған. Ауыл көшелерінің жөнделмеген себебі, 2021 жылдың басында ауылдық округке ауыз су жүйесін енгізу жұмыстары аяқталды. Осыған орай ауыл көшелерін жөндеу жұмыстары 2022 жылға шегерілді. Барлық көшелерді ағымдағы және күрделі жөндеуен өткізуге жобалық сметалық құжаттары дайындалып, Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне тапсырылған. Ауыз су жүйесіндегі люктердің қақпақтары ауыр жүк көліктерінің басуынан сынып ішіне түскен, кейбірі ұрланған. |