Өткен демалыс күндері Жамбыл облысының ПД криминалдық полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 4 адамның мекенжайын анықтады.
Жоғалғандардың жасы 17-ден 65 жасқа дейінгі аралықта. Олардың үйден кету себептері өте жиі кездеседі — отбасылық жанжалдар мен тұрмыстық қиындықтар.
Мәселен, облыс орталығының 56 жастағы тұрғыны тұрақты жұмыс пен табыс таппау салдарынан әйелімен жанжалдасып, үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған. Бірнеше күн іздеуден кейін оның таныстарының үйінде болғаны анықталды. Ер адаммен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Тек статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап полиция қызметкерлері 37 хабар-ошарсыз кеткен адамның орналасқан жерін анықтады.