Абдукасымов Даурен Рахимович еңбек жолын Меркі ауданы әкімдігінен бастаған.
2005 – 2008 жылдары аталған мекеменің бөлімдерінде жетекші маман, бас маман, бас инспектор қызметтерін атқарған.
2009-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратында бас инспектор, облыс әкімінің көмекшісі қызметтерін атқарған.
2012-2014 жылдары Қордай ауданы әкімінің аппарат басшысы лауазымын атқарған.
2015 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет өткеру бөлімінің консультанты қызметін атқарған.
2015-2017 жылдар аралығында Қаратау қаласы әкімінің орынбасары, Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарған.
2017-2020 жылдары «Тарлан батырлары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас заңгері.
2020-2024 жылдар аралығында Тараз қаласы әкімі аппаратының басшысы, Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі лауазымдарын атқарған.