Дайын құжаттарды жеткізу сервисі Қазақстанның 17 қаласында қол жетімді
Дайын құжаттарды жеткізу сервисі енді Ақтау, Ақтөбе, Талдықорған, Петропавл, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Семей, Тараз, Орал, Өскемен, Екібастұз қалаларында қолжетімді. Бұған дейін бұл қызметті тек Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент тұрғындары пайдалана алатын.
Өткен жылдан бері 8 мыңнан астам құжат клиенттердің үйіне дейін жеткізілді. Құжаттар тізімі үнемі жаңарып отырады және қазір 144 мемлекеттік қызмет бойынша тапсырыс беруге болады.
Сервисті пайдалану үшін:
Құжаты дайын болғанда клиент веб-парақшаға дербес сілтемесі бар SMS-хабарлама алады.
Сілтеме бойынша өтіп, жеткізу мекенжайы туралы деректерді толтыру қажет.
Құжатыңыз 1 жұмыс күні ішінде үйіңізге жетеді, қызмет құны – 970 теңге. Сервис қала шегінде ғана қолжетімді.
Шетелге шығатын әрбір баланың жеке паспорты (төлқұжаты) болуы қажет.
Маусым-шілде айлары демалысқа нағыз қолайлы уақыт. Көптеген отбасылар балаларымен саяхаттауды жөн көреді. Дегенмен, сапар алдында бірнеше маңызды нәрсені есте ұстаған жөн.
Шетелге шығатын әрбір баланың жеке паспорты (төлқұжаты) болуы қажет. Паспорт ХҚО-да 10 жыл мерзімге рәсімделеді.
Кейде балалар өскен сайын түрі де өзгереді. Мұндайда шекарада келеңсіз жағдайға тап болмас үшін төлқұжаттың мерзімі аяқталмаса да ауыстыру қажет.
МАҢЫЗДЫ: Ата-анасының бірі шетел азаматы болса, оның нотариалды куәландырылған келісімі керек.
Балаларға паспорт алу үшін керекті құжаттар тізімі:
— Баланың туу туралы куәлігі (құжаттарды ресімдеген кезде баланың болуы міндетті);
— Ата-анасының бірінің жеке куәлігі;
— Баланың фотосуреті, оны ХҚО-да жасауға болады;
— Баж төлемі туралы түбіртек (8 МРП).
«Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, мүгедектер, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ белгілі бір жеңілдігі бар санаттағы азаматтар паспортты тегін алады.
Қосымша ақпаратты 1414 нөмірі бойынша біле аласыз.
Сәуір айынан бастап барлық аймақтарда кезекші ХҚО-лар жұмысын қайта бастады.
Олар дүйсенбі-жұма аралығында 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал басқа бөлімдер жұмысын әдеттегі кесте бойынша 9:00-ден 18: 00-ге дейін жалғастырады.
Сенбі және жексенбі – демалыс күндері.
Кезекші ХҚО-лардың жаңарған мекенжайын карусельден қараңыз.
Қазір шетел азаматтарына ЖСН тек ХҚО арқылы рәсімделеді. Бұған дейін Қазақстанда азаматтығы жоқ адамдар аталған қызметті үшінші тұлғаға сенімхат беру арқылы egov.kz порталында онлайн ала алатын, ал қазір порталда бұл қызмет уақытша тоқтатылды.
Қызметті рәсімдеуге үш құжат жеткілікті:
— Белгіленген нұсқадағы өтініш;
— Шетелдік паспорт;
— Қызметті алушы атынан өкілі жүгінген жағдайда — нотариалды куәландырылған сенімхат.
Егер шетел азаматының паспортында аты-жөні мен туған жері кирилица немесе латын әріптерімен жазылмаса, құжаттың аудармасы (нотариалды куәландырылған) қажет.
ЖСН алу тегін. Қызмет 1 жұмыс күні ішінде дайын болады.