• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Дәурен Бабамұрат: «Кейбір БАҚ өкілдері бізді келемеждей бастады»

02.02.2018
0
Дәурен Бабамұрат: «Кейбір БАҚ өкілдері бізді келемеждей бастады»
337
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

ХХІ ғасыр басталар тұста жоғары оқу орнының табалдырығын аттап, содан бері қоғамдық жұмыстардан екі елі ажырамаған Дәурен Бабамұратты еліміздегі зейінді жастардың барлығы таниды. Бүгінде қоғамда болып жатқан түрлі ойларды қаузап, оның шешілу жолдарымен күресіп жүрген оның ақпарат саласында да өзіндік орны, айтар ойы бар. Әрі елімізде болып жатқан түрлі саяси оқиғаларға қатысты да пайымды пікірлерімен бөлісіп, ұтқыр ойларымен ерекшеленеді. Осы орайда, саясаткердің өзімен сұхбаттасқан едік.

– Дәурен аға, әуелі өзіңіз туралы айтып беріңізші.

– Жалпы менің қоғамдық жұмыспен айналысып жүргеніме 15 жылдан асты. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «саясаттану» факультетіне оқуға түсіп, 2006 жылы тәмамдап шықтым. Артынша саясаттану магистрі атандым. Сол студенттік шағымның 1 курсынан бастап қоғамдық жұмыстарға белсене араласа бастадым. Содан бері еш қол үзген емеспін. Бүгінде «Болашақ» республикалық қозғалыстың жетекшісімін, жастар ұйымдарының төрағасымын. Бұдан өзге Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесімін. Сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігі жанындағы және Президент жанындағы жастар кеңесінің мүшелігіндемін. Негізі 2005 жылы «Болашақ» республикалық қозғалысы жастардың мүддесін қорғау мақсатында құрылған болатын. Бүгінде осы бағыттағы жұмыстарымыз өз жалғасын тауып келеді. Осы 12 жылдың ішінде 300-ден аса қоғамдық-саяси іс-шаралар өткіздік. Соңғы 5 жыл ішінде «Ауыл шақырады» деген жоба аясында еліміздің шалғай ауылдарын аралап, жастармен кездесіп дәрістер оқып жүрміз. Ондағы жастардың азаматтық белсенділігіне байланысты іс-шаралар атқарамыз. Қарап отырсам, осы 5 жылдың ішінде 100-ден аса ауылды қамтып үлгеріппіз. Мәселен, өткен жылы 36 ауылда болып, ондағы жастармен пікірлестік. Биылғы жылы да бұл ісімізді жалғастырсақ деген жоспарымыз бар.

– Сіз, қосымша «Жастар үні» деген журнал мен «Болашақ жастар» атты газет шығарумен айналысасыз. Газет пен журналды шығаруға не себеп?

– 2008-2009 жылдары БАҚ өкілдері біздің қозғалыстың жұмыстарын мүлде елеуден қалды. Яғни, біздің ойымыз, пікіріміз, үніміз қоғамға жетпей жатты. Бұдан бөлек кейбір БАҚ өкілдері бізді келемеждей бастады. Біз көтерген ойлар мен ұстанымдарды жоққа шығарды. Тіпті, бізді сайқымазақ ретінде шығарған басылымдарда кездесіп жатты. Осындай жағдайлардан кейін, біздің ойымыз бен үніміз халыққа жету керек деген мақсатта 2008 жылы «Болашақ» газетін және «Алаш ұлты патриоттары» деген журналды шығара бастадық. Кейіннен 2012 жылы журналымыздың атауын «Жастар үні» деп өзгерттік. Себебі, бастапқы уақытта қазақтың ұлттық дәстүрлерін дәріптейтін мақалалар мен мүйізі қарағайдай кісілермен салиқалы сұхбаттар шығып жүрді. Бірақ ол өтімсіз екен. Нақтырақ айтқанда, ондай журнал өз-өзін асырай алмайды, өтпейді. Сондықтан 2012 жылы журналдың консепциясын өзгертіп, идеялардың барлығын нарықтың сұранысына сай келуі қажеттігін түсіндік. Сөйтіп, журналымыз қоғамдық-саясиден танымдық-ақпараттық журналға айналды. Бірақ біздің идеологиялық ұстанымымыз өзгеріссіз қалды. Дегенмен газетіміз сол алғашқы бағытынан танған жоқ, әліде солай шығып келе жатыр. Газет-журналымыз осыдан 2 жыл бұрынғы девольвацияға дейін тәп-тәуір жұмыс жасап келді. Тіпті журналымыздың тиражы 15 мыңға дейін жетті. Осы арқылы ол өзін-өзі ақтай алды. Дегенмен 2015 жылы девольвацияның салдарынан журналдың шығыны бірден қымбаттап кетті. Сондықтан оның жұмысын тоқтата тұруға мәжбүр болдық. Бірақ біз БАҚ-ты қажет еттік. Сөйтіп өзіміздің «Арқар» ақпараттық, танымдық, аналитикалық сайтын БАҚ ретінде тіркедік. Міне 2 жылдан асты сол сайтты жүргізіп келе жатырмыз. Дейтұрғанмен журналымыз арнайы шығарылыммен шығып тұрады. Мәселен, соңғы санымызды Рамазан Стамғазиев ағамыздың 50 жылдығына арнадық. Сондай-ақ былтыр ауылдарды аралауымызға байланысты 4 арнайы шығарылымымыз жарық көрді. Осылайша, жастардың журналы 2 айда кейде 3 айда бір рет шығуда. Ал газетке келер болсақ, оныңда жиілігін төмендеттік. Бұрынғыдай апта сайын емес екі аптада бір рет шығып, студенттердің арасына тарап тұр.

– Көне Тараз шаһары үш бірдей алып қаланың ортасында тұр. Атап айтқанда, Алматы, Шымкент және Қырғыз Республикасының Бішкек қаласы. Ендігі, тараздық жастардың дамуына, олардың тұрақтандырылуына саясаткер ретінде не қажет деп ойлайсыз?

– Жалпы, Жамбыл облысы тоғыз жолдың торабында орналасқан киелі мекен. Тараздан батысқа қарай шықсаң базары қайнаған Шымкент, оңтүстікке қарай шықсаң Бішкек бар оның да базары қайнаған. Сәл шығысқа қарай шықсаң Алматы, ал солтүстік-шығысқа қарай Қарағанды мен Астана жатыр. Сөйте тұра Тараздың шамалы қалып қойып жатқан жағдайлары бар. Оны мойындау қажет. Бірақ потенциал өте жоғары. Ал сол потенциал деген не сауалға Елбасы Жолдауынан жауап табуға болады. Яғни адами капитал. Сондықтан тараздың жігіттері әрқашан білімде де, ғылымды да, спортта да мықты болған. Бір ғана мысал, ол жақтың көкпаршылары қандай мықты?! Сондай мықты таланттарды облыста сақтап қалатын болса, олардың белгілі бір уақыттан кейін нәтиже беретіні анық.

– Оларды қалай сақтап қалу қажет?

– Меніңше, ол аймақта кластер болу керек. Нақтырақ айтқанда, экономикалық мықты кластер. Мұның ішінде облыс жастарын ұйытып ұстап, перспектива сыйлайтын және амбицияларын қанағаттандыра алатын жағдайлар кіреді. Жастардың амбициясын не қанағаттандыруы мүмкін? Ол дегеніміз – жақсы табыс, яғни көңіл көншітетін қызмет пен бизнес орта. Ал бизнес орта ол қалада бола алады. Оған дәлел жеңіл өнеркәсіп. Жамбыл облысы Кеңес заманынан осы саламен ерекшеленетін болған. Қазірде осы саланы ары қарай дамытатын болса, Тараздың гүлденері анық. Себебі, үлкен нарықтың барлығы сол шаһардың қасында. Оған дәлел, небары 150 шақырым жерде Шымкент, 200 шақырымда Бішкек, 500 шақырым жерде Алматы жатыр. Ол жақтарға қатынайтын жол қандай керемет?! Осындай қолайлы ортада орналасқан жерде жеңіл өнеркәсіп даму қажет.

– Баршамызға белгілі, жақында Жамбыл облысына Асқар Мырзахметов әкім болып барды. Бірақ әлі командасын әкеле қойған жоқ. Келсе тек кеңесшілері мен көмекшілері ғана келді. Сіздіңше, ол кісі аймаққа уақыт өткізу үшін келді ме, әлде басқалай ма?

– Әрине, ол кісі жұмыс жасау үшін келді. Асқар Исабекұлы өте білікті маман. Қызмет жасаған жерінде жақсы нәтиже көрсете білген іскер басшы. Оңтүстік Қазақстан облысы мен Ауыл шаруашылық министрлігіндегі атқарған жұмыстары ел есінде. Мәселен, Жер комиссиясы құрамында Ауыл шаруашылық министрлігімен етене жақын жұмыс жасадық. Сол уақыттарда ол кісінің табандылығын, іскерлігін, жұмыста тиянақтылығын көріп, байқадық. Сондықтан Жамбыл облысына осындай басшының әкім болуы біріншіден үлкен бақ, екіншіден үлкен мүмкіндік. Енді аймақта оң өзгерістер болады деп айтуға болады және күтеміз де.

– Жамбыл облысы сізге несімен қызықты?

– Ол облыс маған ең бірінші орналасқан жерімен қызықты. Алматыдан қай жаққа бармасаңда Жамбыл арқылы өтесің. Сондай-ақ мені бала кезімнен қызықтыратын нәрсенің бірі етік шығаратын зауыт (Кожкомбинат). Жалпы мен Қазақстанның Кеңес дәуірі кезеңіндегі өнеркәсібін оқығанды жақсы көремін. Жамбыл облысын оқығанда осы кәсіпорын көзге ерекше түсетін. Мұндайды оқуымның басты себебі олардың келешекте жаңғыртылуы қызықтырады. Сол себептен былғарыдан дайын киімдер, әсіресе етік тігу саласында ол өңір дамып, үлкен көрсеткіштер көрсетеді деген сенімдемін. Жақында ақпарат көздерінен оқығаным бойынша, біздің елге 40 млн пар шұлық, 20 млн аяқ киім әкелінеді екен. Цифрдан қателесуімде мүмкін. Енді осыншама аяқ киімнің барлығын Қазақстанда өндіру мүмкін емес шығар. Себебі сапа мен талғам әртүрлі, қала берді халықтың жағдайы да әртүрлі. Дегенмен, 2 млн пар, яғни 10 пайыз ғана аяқ киім өзімізде өндірілетін болса, тұтастай бір аймақтың дамуына үлкен серпіліс беретін еді. Дәл осы серпіліс – Жамбыл облысында болады деп сенемін.

– Осы облыстан түлеп ұшқан кімдерді білесіз?

– Мен білетін адам ол олимпиада чемпионы – Бақтияр Артаев. 2004 жылы Афина олимпиадасында ол алтын олжалаған кезде телеарналардан оның үйі мен туған жеріне барып біршама репортаждар жасалынды. Соларды сүйсініп көріп, содан Жамбыл дегенде Бақтияр Артаев есіме түсетіндей жағдайлар болды. Әрине, боксшы Марат Мәзімбаев, Ермахан Ыбраймовтар сол өңірдің тумасы. Сондықтан боксшылардың ортасы да, ордасы да Жамбыл облысы. Жамбыл десе бірден боксшылар есіме түседі. Әрине Шерхан Мұртаза ағамызды айтпай кетпеске болмас. Оның есімі Жамбылмен қатар айтылады.

– Ақпараттың қазанында енді ғана қайнап келе жатқан жастарға не айтар едіңіз.

– Мен әрқашан жастарға бір нәрсені айтудан еш жалықпаймын. Ол жастардың бойында сындарлы көзқарас қалыптасу қажет. Ақпарат қазір өте көп. Мұның жақсы жағы да бар, жаман жағы да бар. Жаман жағы дейтініміз – оны саралау мүмкін емес. Сондықтан жастар да дұрыс пен бұрысты, ақ пен қараны, шын мен өтірікті ажырата алу керек. Олай жасай алу үшін де белгілі дәрежедегі білім мен біліктілік қажет. Сосын кез келген ақпаратқа сын көзімен қараса екен деймін. Яғни, әуелі іштей тұжырымдап қорытып алып, кейіннен барып іске бару маңызды. Халықтың өзі әлеуметтік желідегі спамдарға еріп бара жатқанда жастарға өте абай болғаны дұрыс.

– Әңгімеңізге рахмет!

TURANINFO.KZ

Тегтер: АлматыарқарархарБабамұратДаурен БабамұратДәуренжастар
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты 1 қыркүйектен бастап енгізіледі

Мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты 1 қыркүйектен бастап енгізіледі

20.05.2025
Математикадан республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

Математикадан республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

20.05.2025
Таза Қазақстан: 89 мыңнан аса жамбылдық экологиялық акцияға үлес қосты

Таза Қазақстан: 89 мыңнан аса жамбылдық экологиялық акцияға үлес қосты

20.05.2025
Жамбыл Қазақстандағы инвестиция көлемі бойынша рейтингте көш бастады

Жамбыл Қазақстандағы инвестиция көлемі бойынша рейтингте көш бастады

20.05.2025
Алматы облысында PepsiCo компаниясының зауыты салынады

Алматы облысында PepsiCo компаниясының зауыты салынады

20.05.2025
Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді 

Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді 

20.05.2025
Шығанақ орта мектебінің оқушылары облыстық гранд финалға жолдамаға ие болды

Шығанақ орта мектебінің оқушылары облыстық гранд финалға жолдамаға ие болды

20.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты