«Дәстүрлі діни құндылықтармен сыңаржақ діни ағымдардың қауіпі» тақырыбында оқыту-семинары өтті
Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-сінің «Мемлекеттік дін саласындағы саясатын БАҚ арқылы насихаттау» тақырыбындағы әлеуметтік маңызы бар жобасы шеңберінде «KOMEK.DEMEU.KZ» Қоғамдық қоры мемлекеттік дін саласындағы саясатын тұрғындарға кеңінен насихаттау бойынша облыстық журналистер мен блогерлердің пулін жасақтады.
Сонымен қатар, аталмыш азаматтардың біліктілігін арттыру мақсатында «Дәстүрлі діни құндылықтармен сыңаржақ діни ағымдардың қауіпі» тақырыбында оқыту-семинары өткізілді. Семинарды дінтанушы Дәурен Құттыбаев жүргізді.
Семинар барысында журналистер мен блогерлерге мақаланы сауатты жазу және әлеуметтік желі қолданушыларымен жұмыс жасау этикеті оқытылды.