Ағымдағы жылдың 13-15 ақпан аралығында «СК-Фармация – Адалдық алаңы» жобасы аясында «Құпия сатып алушы» әдісімен Тараз қаласында орналасқан бірқатар дәріханаларға мониторинг жүргізілді.
Мониторинг барысында «Жасұлан және К» дәріханасында «Цефтриаксон» антибиотиктері дәрігердің арнайы рецептісіз сатылғаны анықталды.
Аталған мәселе бойынша тиісті шара қолдану үшін Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне айғақ құжаттар мен арыз жазылды.
Нәтижесінде «Жасұлан және К» дәріханасының қызметкері М. атты азаматшаға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 810, 811 баптарына сәйкес 92 785 теңге көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл ағымдағы жылдың 10 наурыз күні толығымен төленді.
Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта тұрақты түрде жүргізілетін болады.