• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Дүйсенова салафизм, вахабизм ағымдарына қарсы күрес қай бағытта жүретінін айтып берді

Депутат Ермұрат Бапи Мәжіліс төрінде тағы да жат ағымдармен күрес мәселесін көтеріп, Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсеноваға сұрақ қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

11.10.2023
0
Дүйсенова салафизм, вахабизм ағымдарына қарсы күрес қай бағытта жүретінін айтып берді
105
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Депутат Ермұрат Бапи Мәжіліс төрінде тағы да жат ағымдармен күрес мәселесін көтеріп, Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсеноваға сұрақ қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ермұрат Бапи сөз алдында өткен аптада үш депутат осы мәселе бойынша Үкіметке сауал жолдағанын еске салды.

«Елдегі исламдық салафиттік ағым ұлттық және мемлекеттік мүддемізге қатер төндіріп жатыр. Бұл сауалдар еріккеннің ермегі емес. Қазақстан қоғамын, рухани ортасын барған сайын меңдеп бара жатқан салафизм, арабизм дертінің алдын алу үшін туған, жандәрмен азаматтық алаңдаушылықтың мүддесі еді. Біз мемлекетіміздің ұлттық тұтастығы мен халқымыздың дәстүрлі дінін, ұрпақ болашағын қатерге байлап бере алмаймыз. Жат діни ағымдарды ақыл-санадан да, ауыл-қаладан да қуып шығуға міндеттіміз», – дейді депутат.

Ермұрат Бапидің айтуынша, депуаттар қаққан дабылды қоғамда «бұлар Ислам дініне қарсы шықты» деп әлдекімдер әлеуметтік желіде «Ринаттың 80 пайызы» сияқты өңін айналдырып, дабыра салып жүр. Депутат «біз Исламға және елдегі дәстүрлі мәзхабқа қарсы емеспіз» деп ескертті.

«Біз салафизм, вахабизм идеясына қарсымыз. Тамара Қасымқызы, сізге сауал: қазақ халқының ежелден өмір сүру және жат идеологиялық ағымға қарсы үкімет тарапынан бағдарлама бар ма?» – деп сұрады депутат.

Бұл сұраққа жауап берген Тамара Дүйсенова концептуалдық құжаттар жайлы сөз қозғап, 2011 жылы діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заң қабылданғанын айтады. Сол заңды орындау үшін соңғы бес жылда үш концептуалды құжат қолға алынған.

«Оның бәрі өздеріңізге белгілі. 2018-2022 жылдарға арналған діни экстремизм мен радикализмге қарсы шара болған. Атқарылған жұмыстардың бәрін тізбелеп отырудың қажеті жоқ шығар. Бірақ бүгінгі негізгі проблема – үлкен проблема болып отыр. Тамыз айынан бастап осы мәселемен шұғылдана бастадым. Теологтарды, діни бірлестіктердің өкілдерін шақырдым. Олардың пікірі де сіздермен пікірлес. Сіздердің ұсыныстарыңызды олар да қолдап отыр», – дейді Дүйсенова.

Вице-премьер әлеуметтік желілерде әртүрлі діндерді, бағыттарды уағыздайтын контенттерге тосқауыл қоя алмай отырғандарын мойындады.

«Екіншіден, біздің қоғамда діни сауаттылықтың төмендігін, үшіншіден, мемлекеттік органдардағы реттеу жұмыстары мен ұйымдастыру жұмысында әлі де шалалықтар бар. Кеше мектеп басталар алдында хиджаб мәселесі бойынша мемлекеттік органдардың толық жауап бермеуі қоғамда үлкен пікірталасқа апарды. Дін деген – өте нәзік нәрсе. Көп нәрсені заңды түрде реттеуіміз керек. Шетелдік тәжірибелердің бәрін қарадық. Сауд Арабиясының өзінде мемлекеттік реттеу функциялары күшейтіліп жатыр. Сондықтан ұсыныстарыңызбен бірге заңға өзгеріс енгізу керек. Ондағы екі мәселені қарауымыз керек: мемлекеттік зайырлылық қағидаттарын нығайту және діни бірлестіктерді мемлекеттік реттеу тетіктерін күшейтуде өзгеріс енгізсек, бүгінгі жұмысымызды сонда дұрыстауға болады деп ойлаймын», – деді Тамара Дүйсенова.

Өз кезегінде Ерлан Қошанов Үкіметтен нақты шешім мен жауап күтетітінін айтты.

Тегтер: вахабизмвице-министрдепутаттық сауалДіни ағымдарсалафизм
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
«Миссия невыполнима» актеры Астанаға келмек

«Миссия невыполнима» актеры Астанаға келмек

30.06.2025
Ауыл шаруашылығы санағына дайындық аясындағы листинг кезеңі аяқталды

Ауыл шаруашылығы санағына дайындық аясындағы листинг кезеңі аяқталды

30.06.2025
Жамбыл мен Павлодар облыстары бірігіп педагогикалық кадрларды даярлау сапасын арттырмақ

Жамбыл мен Павлодар облыстары бірігіп педагогикалық кадрларды даярлау сапасын арттырмақ

30.06.2025
1,5 миллиард теңге ұрлады: Перизат Қайрат қамалды

Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс Астана сотына жіберілді

30.06.2025
«Қажымұқан» фильмі Италиядағы фестивальда бірнеше жүлде алды

«Қажымұқан» фильмі Италиядағы фестивальда бірнеше жүлде алды

30.06.2025
Президент құқық қорғау жүйесін және әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын күшейтуге бағытталған заңға қол қойды

Президент құқық қорғау жүйесін және әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын күшейтуге бағытталған заңға қол қойды

30.06.2025
Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты

Тоқаев «Антикорды» ҰҚК қарамағына біріктірді

30.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский