12 мамырда Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 7 жаңа жағдайы анықталды.
Індет жұқтырғандардың бәрі 4 пен 60 жас аралығындағы Қордай ауданының тұрғындары. Олар бұған дейін ауырғандармен байланыста болған тұлға ретінде карантиндік стационарға оқшауланған. Олардан алынған зертханалық талдаулар коронавирустық инфекцияның бар екенін растады.
12 мамыр күні Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 6 жаңа жағдайы анықталды. Науқастардың бірі – 1963 жылы туған Тараз қаласының тұрғыны. Ол бұған дейін ауырған адаммен байланыста болған тұлға ретінде карантиндік стационарға жатқызылған. КВИ-ға алынған талдау қорынтындысы оң нәтиже көрсетті.
Қалған бес науқас – Байзақ ауданының тұрғындары. Олар да індет жұқтырғандармен байланыста болғандығы үшін карантинге оқшауланған. Алынған зертханалық талдаулар коронавирустық инфекцияның бар екенін растады.
13 мамыр күні Жамбыл облысында коронавирусты инфекцияның жаңа жағдайы тіркелді.
Науқас 1960 жылы туған Тараз қаласының тұрғыны. Ол бұған дейін ауырғанмен адаммен байланыста болған тұлға ретінде карантиндік стационарға жатқызылған. Алынған зертханалық талдаулар COVID-2019 ауруы бар екенін растады. Науқас инфекцияны жақын туысынан жұқтырған.
Ағымдағы жылдың 12 мамырындағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 199 жағдайы тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында – 93, Байзақ ауданында – 23, Жамбыл ауданында – 6, Қордай ауданында — 44, Меркі ауданында — 5, Шу ауданында – 2, Мойынқұм ауданында – 1.
Сондай-ақ, Дели — Тараз рейсі жолаушыларынан алты оқиға, Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасынан 19 оқиға анықталған.
Барлық ауырғандардың 93-і емделіп, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.