Жамбыл облысында коронавирустың жаңа жағдайы анықталды
19 сәуір күні Жамбыл облысы бойынша коронавирустың жаңа жағдайы тіркелді.
ЖРВИ диагнозымен провизорлық орталыққа облыс орталығының 1991 жылы туған тұрғыны жеткізілді. Науқас жұқпалы аурулар стационарына орналастырылды. Байланыста болған адамдарды және жұқтыру қаупі бойынша мәртебені анықтау жұмыстары жалғасуда. Ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілді.
Өңірде барлығы 61 коронавирустық инфекция тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында — 11, Байзақ ауданында – 3, Жамбыл ауданында – 4, Қордайда — 33, Меркіде — 2, Мойынқұм және Шу ауданындарында – біреуден. Дели-Тараз рейсінің жолаушылары арасында алты оқиға орын алған.
19 сәуірдегі жағдай бойынша алты адам сауығып, дәрігерлердің бақылауымен үй карантиніне алынған. Инфекциялық стационарда 51 адам емделуде.