Жамбыл облыстық сотының төрағасы болып Ахметжанов Ербол Ұлатайұлы тағайындалды.
Ахметжанов Ербол Ұлатайұлы, 1965 ж.т., 1990 жылы Киров атындағы ҚазМУ аяқтаған. Мамандығы «Заңгер».
Еңбек өтілі:
2005-2009 ж.ж. Алматы горнизоны әскери сотының судьясы, Алматы қаласы,
2009-2014 ж.ж, Мамандандырылған қылмыстық істері әскери сотының судьясы, Алматы қаласы,
2014-2017 ж.ж. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың төрағасы, Астана қаласы
2017- бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.
2012 жылдың 28 мамырында «Арқанкерген» Қазақстан шекара қызметінің уақытша шекара бекетінің орналасқан жерінде 14 шекарашы мен аңшыны өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс бойынша желтоқсанның 11-і күні істі қараған судья Ербол Ахметжанов «шекарашы Владислав Челах 15 адамның өліміне айыпты» деп, оны өмір бойы бас бостандығынан айырып, жазасын ерекше тәртіптегі колонияда өтеуге үкім етті.