Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ақпарат алаңында Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мәди Мәтен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Равиль Төлебаев және Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы басшысының орынбасары Жандәулет Кенжебековтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Спикерлер Тараз қаласы мен аудандарда өтетін облыс жастарын ақпараттандыруға бағытталған «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР» атты көшпелі кеңес беру алаңының мақсаты мен мазмұны туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Спикердің айтуынша бағдарламаның мақсаты: Облыстың әрбір ауыл, елді мекендеріндегі жастардың түрлі санаттарын (14-29 жас аралығындағы жұмыссыз, мүмкіндігі шектеулі жастар, жеке кәсібін ашатын немесе кәсібін дамытушылар, түрлі бағыттағы мемлекеттік қолдау тетіктері, жұмысқа орналасу, әлеуметтік және құқықтық көмек қажет ететіндер, жоғары және арнаулы орта оқу орнын бітіруші студенттер, орта мектепті бітіруші түлектер) барынша қамтып, оларға қатысты мәселелерді жергілікті жерлерде кең ауқымды түсіндіру және нақты нәтижеге бағытталған мәселелерін шешу жұмыстарын жүргізу, облыс тұрғындарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін одан әрі дамыту мен жемқорлық мәселесін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру арқылы шешу жолдарын түсіндіру, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын жеткізу.
Мазмұны: Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, 2019 жылдың мамыр-маусым айларында облыстық «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР» атты көшпелі кеңес беру алаңы жұмысы аясында Тараз қаласында облыстың барлық аудандары (әр ауданда 3 күннен) мен елді-мекендерде болып, барлық санаттағы жастар мен тұрғындарға түрлі сала аясындағы мәселелер бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізбек.
Аталған шарада барлық санаттағы жастар мен тұрғындарға мемлекеттік қолдау тетіктері («Дипломмен ауылға», «Серпін», «Бизнестің жол картасы»,«Жастар практикасы», ауылшарушылығы, кәсіпкерлік т.с.с. бағыттар) білім, жұмысқа орналасу, дін, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау тетіктері, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі және тағы сондай сияқты салаларды қамтыған мәселелер бойынша қабылдаулар өткізілмек.
Кеңес беру алаңында облыс әкімдігінің басқармалары мен мекемелері, «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық офисі облыстағы мемлекеттік билік институттарына азаматтардың сенімін арттыру, көрсетілген бағыттар шеңберінде және т.б. маңызды мәселелер бойынша түсіндіру және нақты нәтижеге бағдарланған жұмыстар жүргізеді.
Кеңес берушілер: ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, облыс әкімдігінің білім, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы, Еңбек инспекциясы, экономика және бюджетті жоспарлау, дін істері, жер қатынастары басқармалары мен аудандық салалық бөлімдер, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КеАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы, мемлекеттік кірістер,облыс бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті Пробация қызметі, «Жас Отан» жастар қанаты, АҚАЖ, миграция, кәсіпкерлер палатасы, «Даму» қоры,жоғары және орта арнаулы оқу орындары өкілдері.