Жамбыл облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен Тараз қаласының тұрғынынан 2,5 миллион теңге қаражатты бопсалау дерегі бойынша жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында екі ер адамды ақша алу кезінде ұстады.
«Күдіктілер кінәсін мойындап, тергеуге өзара бірлесіп әрекеттестік жасауға келісті.Содан кейін күдіктілердің бірі аталған қаражатты «Facebook» әлеуметтік желісінде компроматтық сипаттағы жазбалар жариялап, бопсалауға негіз болған блогерге берген. Алдын ала сөз байласу арқылы топтасып жасалған бопсалау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қажетті жедел-тергеу іс-шараларын жүргізуде. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жариялауға жатпайды» делінген Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметі.