2019 жылдың 30 қыркүйегінде облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен бақылау-қадағалау органдарының бизнес –қауымдастық алдында есеп беру кездесуі өтті. Кездесуге облыс басқармалары, бақылау-қадағалау органдарының басшылары, облыстың кәсіпкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиында ҚР Сыбайлас жемқорлққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің алдын алу және парасаттылық басқарма басшысы Д.Омаров, «Protecting Business and Investments» жобалық кеңсесі аясында атқарылған жұмыстарды баяндады. Айтарлығы жобаның басты мақсаты инвесторлар мен кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау және оларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жүргізу болып табылады. Бүгінгі күні Департаментпен жалпы соммасы 368 136 600 000 теңгені құрайтын отандық және шетелдік инвесторлардың 23 жобасына қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау жүргізілуде.
Сонымен қатар, Transparency International Kazakhstan қоғамдық қорымен Қазақстандағы жемқорлықтың деңгейін анықтау мақсатында жүргізген зерттеу жұмыстарынын қорытындысы баяндалды. Зерртеу барысында жүргізілген сауалнама көрсеткендей кәсіпкерлікті жүргізу барысында ең жиі кездесетін сыбайлас жемқорлық себептері, ол: құжаттарды ресімдеу, өрт қауіпсіздігін тексеру, құрылысқа жер ресімдеу, жер алу, шекарадағы кедендік тексеру, тауар әкелу, айыппұл мөлшерін төмендету екендігі белгілі болды.
Баяндама қорытындысымен облыста бизнеске қатысты орын алған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары бойынша мысалда келтіріліп, кәсіпкерлерді осы індетпен бірге күресуге шақырды. Сондай-ақ, кәсіпті жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық көріністерімен, әкімшілік бөгеттермен кездескен жағдайда Департаментке хабардар етуді сұрады.