Біздің көптеген жас қызметкерлеріміз ардагерлерімізді жақсы білгендіктен олармен сөйлесуге тамаша мүмкіндік бар. Біз ардагерлеріміздің оптимизміне, өміршеңдігіне және қарапайымдылығына таңданамыз.
Бүгін біз олармен бірге өткен ғасырдың ең ауыр және сұрапыл соғыста жеңіске жеткен қаза тапқандар мен ортамызда жүргендерді, жауынгерлерді – барлығын еске алып, құрметтейміз.
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өртке қарсы қызмет жүйесінде жұмыс істеген, бұрын жауынгерлерлік ұрыстарға қатысқан және тыл ардагерлері ешқашан ұмытылмайды.
Олардың ішінде: тыл еңбеккері-запастағы ішкі қызмет подполковнигі Мадияр Қалдыбекұлы Қалдыбеков, Чехословакия аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушы — запастағы өртке қарсы қызмет подполковнигі Амангелді Қапашұлы Әшімов, Ауғанстан Республикасы аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар-
запастағы өртке қарсы қызмет майоры Марат Алмаханұлы Өмірәлиев және азаматтық қорғау капитаны Ғабит Сағынбайұлы Кекежанов.
Отан қорғаушылар және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күнін мерекелеу қарсаңында Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар ардагерлеріне және ардагерлер ұйымының жұмысына белсенді қатысқаны үшін құрмет көрсетілді, азаматтық қорғау органдарының жас қызметкерлерін Қазақстандық патриотизм рухында
тәрбиелеуде және Отан қорғаушылар күніне байланысты және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына орай біздің ардагерлеріміз Қазақстан төтенше жағдайлар органдарының Ардагерлер ұйымы қоғамдық бірлестігінің Орталық Кеңесі Президиумының қаулысымен Қоғамдық бірлестіктің грамотасымен
марапатталды.
Жамбыл облысы ТЖ департаменті ардагерлер кеңесі