Мумбайда «Әлем аруы» сұлулық байқауы аяқталды. Биыл чехиялық ару бас жүлдені иеленді. Ол — 24 жастағы Кристина Пышкова, — деп хабарлайды Massaget.kz.
Құны 45 миллион теңгеге жуық тәж бен «Әлем аруы» атағы үшін биыл 115 елдің өкілдері бақ сынады. Нәтижесінде Чехиядан келген модель Кристина Пышкова үздік атанды.
Пышкованың екі жоғары білімі бар, сонымен қатар, қайырымдылық шараларына белсенді қатысқаны, Танзанияда ерікті ретінде мектеп салуға көмектескені айтылады.
Сондай-ақ, ол тоғыз жыл өнер академиясында оқыған, бала кезінен халық биін билейді, флейта мен скрипкада ойнауды біледі және оркестрмен бірге өнер көрсетті.
Бұған дейін Чехия «Әлем аруы» байқауында бір рет жеңіске жетті. 2006 жылы бұл атаққа осы елдің өкілі Татьяна Кухаржова ие болды.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/102868/