Басты бағыттардың бірі – темір жолдардың ағаш негізін темірбетонға ауыстыру.
Соңғы бес жылда 192,64 км жолға 242 556 жаңа темірбетон шпалы төселді. 2025 жылы 52 км-ден астам жол күрделі жөндеуден өтеді, 13,4 км жолда рельстік тіректер жаңартылады. Жұмыстарды Ақадыр машиналандырылған дистанциясы СМД-80 техникасын қолдана отырып жүргізеді. Сондай-ақ, Шу машиналандырылған дистанциясының 61 арнайы техникасы магистраль жөндеуінде қолданылады.
Бірлік-2 станциясын қалпына келтіру жалғасады: 29 мың текше метр қиыршық тас төселіп, 32 жаңа бағыттамалы бұрма орнатылады.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі