• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

БИЫЛ «БІРЛІК ТҮБІ – БЕРЕКЕ» ҚОҒАМДЫҚ ФОРУМЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

06.02.2019
0
БИЫЛ «БІРЛІК ТҮБІ – БЕРЕКЕ» ҚОҒАМДЫҚ ФОРУМЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ
385
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

 

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Құрманғалидың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Берік Уәлиұлы 2018 жылы атқарылған жұмыстары мен 2019 жылға алда тұрған міндеттер туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

2018 жылы Басқарма тарапынан жоспарланған іс-шаралар мен көзделген мақсатты индикаторлар орындалды. Өткен жылы басқарманың ұйымдастыруымен 52 іс-шара өткізілді. Олар ұлттық және мемлекеттік мерекелер, Елордамыз-Астана қаласының 20 жылдығы, сонымен бірге, республикаға танымал журналистер, тарихшылар, зиялы қауым өкілдері, блогерлер, қоғам өкілдерінің қатысуымен әртүрлі шаралар ұйымдастырылды. Өткен жылы қоғамдық–саяси ахуалдың тұрақтылығы сақталып, этносаралық және дінаралық шиеленістер орын алуына жол берілген жоқ.

Басқарманың негізгі жұмыстарының бірі – Мемлекет басшысының Жолдауы мен мемлекеттік бағдарламаларды халыққа түсіндіру болып табылады. Осы бағытта құрамында 89 мүшесі бар облыстық 11 ақпараттық топ құрылған. Қазіргі таңда топ құрамына жоғары оқу орындарының профессорлары, сарапшылар, сонымен бірге, «7-20-25» бағдарламасын түсіндіру үшін банк қызметкерлері енгізілді. Ақпараттық жұмыс ақпан айынан бастап бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.

Бүгінде облыста 63 бұқаралық ақпарат құралы қызмет етеді. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша өткен жылы елімізде Жамбыл, Маңғыстау облыстары мен Шымкент қаласы алғашқылардың бірі болып аналогты хабар тарату жүйесі толығымен өшіріліп, облыс тұрғындарының 100% цифрлық эфирлік хабар тарату жүйесіне көшірілді. Бұл ретте, облыстағы атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдау көрсетіліп, 2400 отбасыға жергілікті бюджет есебінен 13 528,0 мың тг. бөлініп, цифрлы жалғамалар /приставкалар/ алып берілді.

Өткен жылы облыс әкімдігі басқармаларының басшылары мен аудан әкімдері өздерінің қызметі туралы облыс әкімі бекіткен графикке сәйкес «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында брифинг беріп, сол күні «Жамбыл» телеарнасының «Бірінші студия» бағдарламасында тікелей эфирде баяндады. Сәйкесінше, бұл жұмыс жүйеге қойылып ретке келтірілді. Бұл тәжірибе биылғы жылыда жүзеге асады.

Жалпы 2018 жылы Өңірлік коммуникциялар алаңында 165 брифинг өткізіп, республика бойынша 4 орынды алдық.

Өткен жылы облыс бойынша әкімдіктер мен басқармалардың баспасөз хатшыларына арнайы 3 оқыту семинары өткізіліп, барлық мекемелердің әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары қайта жаңартылып, белсенді жұмыс жүргізуде. Әр мекеме жұмысының ашықтығы қамтамасыз етіліп, қоғам белсенділері көтерген мәселелер уақытылы назарға ілінуде.

Бүгінде, әлеуметтік желілер бойынша Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің ресми парақшаларында жалпы 4634 пост жарияланып, 313 486 адам қамтылды.

Ішкі саясат саласында азаматтық қоғам институттарымен тығыз қарым-қатынас орнату ерекше маңызға ие. Өңірде 87 этнос өкілдері тұрады, 26 облыстық, 1 қалалық және 47 аудандық этномәдени бірлестіктер жұмыс істейді. 854 үкіметтік емес ұйым (КЕҰ) тіркелген. Олардың 60,0%-ы облыс орталығында, 40,0%-ы аудандарда шоғырланған. ҮЕҰ-дың 200-ден астамы белсенді жұмыс атқаруда. 6 саяси партияның филиалдары жұмыс атқарады. 2018 жылы облыс бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 49 бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қаржы қарастырған. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа (МӘТ) жоспарланған қаржы сомасы – 814,8 млн тг., жоспарланған жобалар саны – 240 құрады (2017ж. – 706,6 млн). Жоспарланған МӘТ көлемінің 70,0%-ы (590,0 млн тг.) жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен бөлімдер тарапынан бөлінген.

Басқарманың ендігі кезектегі негізгі жұмысы — 1 қарашада бекітілген жаңа Елтаңбаны ауыстыруға бағытталатын болады. Жергілікті атқарушы органдар мен білім беру мекемелері 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін, аумақтық департаменттер мен басқармалары 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ауыстыру тапсырылды. 2019 жылға Жергілікті атқарушы органдар тарапынан 140,7 млн тг. қаралған.

Биылғы жылы Жамбыл облысының 80, Т.Рысқұловтың 125, облыстық «Знамя труда» газетінің 100, облыстық «Jambyl» телеарнасының 30 жылдығы және «Бірлік түбі – береке» қоғамдық форумын ұйымдастыру жоспарда тұр.

 

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Тәуелсіздік алғалы бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

Тәуелсіздік алғалы бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025
Облыс жолдарына 12 жаңа антенна-діңгек орнатылады

Облыс жолдарына 12 жаңа антенна-діңгек орнатылады

15.05.2025
Байзақта «Қоғамдық байланыс» акциясы ұйымдастырылды

Байзақта «Қоғамдық байланыс» акциясы ұйымдастырылды

15.05.2025
Жамбылдық диқандарға былтырғыға қарағанда екі есе көп су берілді

Жамбылдық диқандарға былтырғыға қарағанда екі есе көп су берілді

15.05.2025
Отбасы – тәрбиенің алтын діңгегі

Отбасы – тәрбиенің алтын діңгегі

15.05.2025
15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай тағылымды кездесу өтті

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай тағылымды кездесу өтті

15.05.2025
ТЖД Алматылықтарға ескерту жасады

Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

15.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты