Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрби Жігітеков хабарлады.
Егіс алқаптарын арзандатылған минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету бағдарламасы аясында бюджеттен 1млрд. теңге бөлінсе, бүгінгі күні оның 770,9 млн. теңгесі игерілді. Қазіргі уақытта алынуы қажет 54,0мың тонна минералды тыңайтқыштың 31,3 мың тоннасы алынып, 78,4 мың гектар алқапқаендірілді және жоспар 58,1% орындалды.
«Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдау» бағдарламасы бойынша биылғы жылы 857,0 млн. теңге қаржы бөлінсе, оның 170,0 млн. теңгесі игеріліп, 146 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне субсидия ретінде мемлекеттік қолдау көрсетілді,-дейді басқарма басшысы.
«Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы өңдеулер жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялау» бағдарламасы бойынша 104,0 млн. теңге қаржы бөлінді. Алдағы уақытта ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тарапынан өсiмдiктердi қорғау препараттары алынып, 40мыңнан астам гектар жер өңделетін болады.
«Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау» бағдарламасы бойынша 2023 жылдың өнімі үшін егілген қант қызылшасы дақылының өніміне 6,1млрд. теңге қаржы қарастырылған. Субсидиялауқант қызылшасын жинау науқанына байланыстықазан-желтоқсан айларында игерілетін болады.Биыл қант қызылшасынан жиналған өнімнің 300мың тоннасы қант зауыттарына өткізіледі деп көзделуде.