Кәсіпкер үшін оның үш жолы бар:
«Даму» Қорының филиалы;
online.damu.kz порталы;
Bgov.kz порталы арқылы.
Субсидия, кепілдікке офлайн өтінім беру үшін кәсіпкер жобасы жүзеге асып жатқан мекенжайдағы «Даму» қорының филиалына құжат жинап келуі қажет. Төменде біз филиалға бармай-ақ онлайн өтінім беру тәсілдерін түсіндреміз.
online.damu.kz порталы арқылы өтінім беру
online.damu.kz порталының бас бетінен бағдарламаларға өту бөлігіне ойысып, қажетіңізге қарай кепілдік/субсидия/несие құралының бірін таңдаңыз;
Ұсынылған бағдарламалар ішінен қолайлысын таңдап, «қызметті алу» батырмасын басыңыз;
Ашылған терезеде несие туралы негізгі ақпаратты толтырыңыз;
Әрі қарай, компания басшысы ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қоюы керек, содан кейін «сертификатты таңдау» батырмасын басып, ұйым-құқық формасына байланысты қол қою үшін қажетті сертификат таңдау керек. ЖК үшін – RSA сертификаты, ЖШС үшін GOST сертификаты;
Жеке кабинетте кәсіпкер компания, жобалар, өтінімдер, хабарламалар және ұсыныстар туралы ақпарат ала алады. «Өтінімдер» бөлімінен өзінің өтінімінің статусын және ол бойынша қандай шешім қабылданғанын көріп отыруға болады.
Bgov.kz платформасы арқылы өтінім беру
Bgov.kz платформасының бас бетінде санат бойынша қызметтерді таңдау сүзгісін пайдаланыңыз. Мысалы: несиелеу / субсидиялау / кепілдік беру. Сосын төменнен кіру критерийлерін толтырыңыз;
Ұсынылғандар ішінен қолайлы қызметті таңдаған соң «толығырақ» батырмасын басыңыз. Бағдарламаның шарттарын зерделегеннен кейін «қызмет алу» бөлігіне ойысыңыз, содан кейін ЭЦҚ көмегімен порталға авторлану/тіркелу қажет;
Авторланудан кейін компания басшысы өтінімге ЭЦҚ көмегімен қол қоюы, содан кейін «сертификат таңдау» батырмасын басу және ұйым-құқық формасына байланысты қол қою үшін қажетті сертификатты таңдау қажет. ЖК үшін – RSA сертификаты, ЖШС үшін – GOST сертификаты;
Жеке кабинетте кәсіпкер компания, жобалар, өтінімдер, хабарламалар және ұсыныстар туралы ақпарат ала алады. «Өтінімдер» бөлімінен өзінің өтінімінің статусын және ол бойынша қандай шешім қабылданғанын көріп отыруға болады.